Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында оқушы қыз ұстаздардың кесірінен мүгедек болып қалды

Қарағанды облысының мектебі баланың денсаулығына зиян келтіргені үшін материалдық шығын ретінде 500 мың теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді.

Шет аудандық соты С. есімді азаматтың Ф. есімді қызының мүддесін қорғап, “Жамбыл Ақылбаев атындағы экспериментальды мектеп-гимназиясына” түсірген арызын қарастырды, деп хабарлайды Sputnik.

Істің материалы бойынша, бүлдіршіннің өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін сақтау бойынша міндеттілігін дұрыс орындамаған мұғалімнің кесірінен кәмелеттік жасқа толмаған Ф. мектеп-гимназияның бастауыш сынып кабинетінде шәйнектегі қайнаған суға күйіп қалады.

Денсаулығына ауырлығы орташа зиян келген. Күйік салдарынан оқушының бүйрегі дертке шалдығып, мүгедек болып қалған.

Күйік алған күннен бастап қазірге дейін бүлдіршін жыл сайын Қарағанды облысы, Астана және Алматының әртүрлі медициналық мекемелерінде ем алып жүр.

Істің деректерін мұқият саралап, қос тарапты тыңдаған соң, сот арыз берушіге материалдық шығын ретінде 536 мың 757 теңге өндіріп беруге шешім шығарды.

Үкім әлі заңды күшіне енбеді.

Тағы да оқыңыз:

19 жастағы модель пәктігін 2,5 млн евроға сатты

Кореялық медбикелер басшылықтың талабымен эротикалық би билеуге мәжбүр болған (видео)

Жезөкшелердің етінен кәуәп жасап базарда сатқан алматылық адамжегіш алғаш рет сұхбат берді (фото)

Талқылау