Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында мектеп директорлары бұдан былай тек емтихан арқылы тағайындалады

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков ұстаздардың дәстүрлі тамыз конференциясында ерекше тапсырма берді.

8244318

Фото: newskaz.ru

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

“Жаңа оқу жылынан бастап орта білім беретін мектеп директорлары онлайн-платформа арқылы халықаралық университеттердің сертификаттарын иеленуі тиіс”, – деді облыс әкімі.

Үміткерлерден АҚШ-тың үздік университеттерінің сертификаттары да талап етілетін болды.

Сонымен қатар, мектеп директорлығына кандидаттар білім мекемесін қалай дамытатыны туралы бағдарламасын арнайы комиссияның алдында қорғап шығуы тиіс. Облыс әкімі мұндай талап жемқорлықты төмендету үшін жасалып отырғанын ескертті. Сондай-ақ, директор болғысы келетін үміткер нормативтік құқықтық актілерге негізделген тесттен өтуі қажет.

Талқылау