Қарағанды облысында қарттар үйі өртеніп кетті

Сейсенбі, 2 Ақпан , 2016 21:39

Ғабиден Мұстафин атындағы аядай ғана ғана ауылды былтырдан бері қырсық атаулы шыр айналдырып жүр. Енді 22 қария тыныштық тауып отырған ғимарат отқа оранды, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

ппп

Былтыр наурыз қарсаңында клубтың шаңырағы опырылып ортасына түскен. Іле шала қызыл су басып, қарқынмен жүріп өткен тасқын баспаналарды қиратып мал мен жанды ұлардай шулатқаны есте.

Тілсіз жау күндізгі сағат он бірлер шамасында ғимараттың от жағатын бөлігінде тұтаныпты. Қайта жақын жерде орналасқан өрт сөндірушілер жетіп, полиция бөлімшесіндегілер де қоса келген. Қарттардың барлығын солар арқалап алып шығыпты.

“Әлгі полиция балалар осында алып келді. Тіпті аламыз деген заттарымызды алғызған жоқ. Өзіміз тасимыз деп. Апа өзің аман қалсаң болды деп. Тәубә сендерің барларыңа, әйтеуір көмектесіп жатырсыңдар. Жыласам қаным көтеріледі”, – дейді Қарттар үйінің тұрғыны Төлеу Келдебеков.

Ғимарат толықтай ағаштан жасалғандықтан тілсіз жауды ауыздықтау оңайға түспеген сыңайлы. Өйткені мына қабырғадағы ағаштардан тараған от кез келген бөлмені тесіп шыға берген. Көптеген бөлмелердің төбелері мынадай боп опырылып түсіпті.

Мамандардың айтуынша, тілсіз жау пештен шығатын мұржаның тұсынан тұтанған. Салынғанына жарты ғасыр өтіп, ағаштары кеуіп тұрған ғимаратқа осының өзі жетіп жатыр дейді олар. Ауыл билігі ең бастысы  адамдардың амандығына шүкіршілік етеді.

“Тұрғындар әбден шошынып қалғаны жасырын емес. Былтыр көктемде Мәдениет үйіміз қирады. Одан кейін топан су басты. Қыруар шығын болды. Өрттен кейін де ел мазасызданды. Қайта өрт түнде емес, күндіз болды”, – дейді Ғабиден Мұстафин ауылының әкімі Халел Рысбеков.

Қазір, панасыз қалған қариялар үш пәтерге уақытша орналастырылған. Жатын орны мен киім кешектері де түгел. Алайда өртенген қарттар үйі жекенің қолында болғандықтан, мәселеге мемлекет араласа алмайды. Сондықтан ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары тек демеушілік көмекке ғана қарап отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар