Қарағанды облысында күйдіргіден көз жұмғандар хлор себілген табытпен жерленді

Бейсенбі, 23 Маусым , 2016 22:26

Қарағанды облысында күйдіргі дертін жұқтырып көз жұмған 2 адам бүгін жер қойнына берілді. Олар мырыш табыттармен асты-үстіне хлор төселіп көмілген. Енді мамандар Еркіндік ауылында ауру таратуы мүмкін қаңғыған ит пен мысықты аулауды бастады,-деп жазды КТК арнасы.

тапсырылды

Ал ауру малдың еті тараған 13 үйдің іші мен қора- қопсысы тегіс залалсыздандырылған. Тіпті 90 келіден аса көрпе төсек, жаялықтары да бірнеше рет арнайы қоспалармен жуылған. Енді ветеринарлар ауылдағы кесел жұқтыруы мүмкін бұралқы ит- мысықтардың көзін тегіс жоймақ. Бұл үшін ауылға кеселді жұқтырған жануарлардың күлін де қалдырмай өртейтін арнайы техника жеткен. Естеріңізге салсақ, сойылған ауру мал етінен күйдіргі дертін ауылдың 9 адамы жұқтырған. Оның 2-уі көз жұмса, қалған 7-уі ем алып жатыр. Жалпы Еркіндік ауылының 70 тұрғыны қазір дәрігерлердің бақылауында. Карантин жарияланып ауылға кіріп-шығуға шектеу қойылды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар