Қарағанды облысында браконьерлер инспекторлардың көлігін өртеп жіберді (видео)

Бейсенбі, 8 Маусым , 2017 12:01

Қарағанды облысында браконьерлер “Ақ бөкен” табиғи қорығы аумағында инспекторлар көлігіне шабуыл жасады.

Безымянный

“Бүгін таңертең “Ақ бөкен” қорығы аумағында инспекторлар мен браконьерлер арасында қақтығыс болған. Адамдар зардап шекпеген. Бірақ, көлік толықтай жанып кетіпті”, – деп жазды қорықтың қамқорлық кеңесінің мүшесі әрі бизнесмен Марғұлан Сейсембай. Ол парақшасына қақтығыстың видеосын да жариялаған.

Оның сөзінше браконьерлер инспекторлар отырған көлікке қауіпті жарылғыш зат салып жіберген. Инспекторлар бұзақылардың көлік нөмірін аңғара алмай қалған.

“Браконьерлер далада нөмір тағып жүрмейді. Тек оның әзірге қоңыр түсті Лэнд Крузер екені ғана белгілі”, – дейді ол. Ол жеке зерттеу жүргізетінін және тез арада полицияға арыз түсіретінін хабарлады.

Мамыр айында қорық аумағын қорғау үшін 11 инспектор бөлінген. Оларды “УАЗ Патриот” көлігімен, рация, спутниктік телефон, GPS, қарулармен жарақтандырған. Полиция болған жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Полиция Алматыда сел суына ағып кеткен қыз қазасының мән-жайын айтып берді (видео)

Талғар өзенінде селфи жасамақ болған ер адам көз жұмды

ШҚО-да ер адамды жөндеп жатқан автобусы басып қалып мерт қылды

Оралда 4 адам көз жұмған жол апатында марқұмдардың алтыны мен ақшасын ұрлап кеткен (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар