Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында аңшы өліміне күдіктінің әкесі: Ұлым үшін кешірім сұраймын

Қарағанды облысында «Охотзоопром» инспекторы өліміне күдіктінің әкесі кешірім сұрады.

Ерлан Нұрғалиевтің өліміне байланысты күдіктінің әкесі марқұмның туыстары мен жақындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Евразия.

34 жастағы Берік Ахметов екі азаматпен бірге күдікті деп танылып отыр. Қайрат Ақшанов пен Нұрлан Шукилдиков екі аңшыға шабуылдады деп күдіктелуде. Аңшының бірі алған жарақатынан көз жұмған еді.

Мейрамбек Ахметов Ерлан Нұрғалиевтің отбасына көңіл айтты.

“Өз ұлым үшін кешірім сұраймын. Жақындары мен туыстарына көңіл айтам. Мен не істей алам? Ол менің ұлым ғой. Қатты қобалжып тұрмын. Басқа ешнәрсе айта алмаймын”, – дейді әкесі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау