Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында үйі өртеніп кеткен отбасы жерлерінен айырылуы мүмкін

Қарағанды облысында алапат өрттің кесірінен үйсіз қалған отбасы енді жерінен де айырылуы мүмкін. Баспанасының түгі қалмай жанып кетіп, амалсыз ауладағы вагонға жайғасқан Гариповтар отбасы енді не істерін білмейді. Бұл туралы Еуразия арнасы хабарлады.

Гариповтар отбасы бір түнде үйінен айырылған еді. Электр бағанынан шыққан өрт баспана шатырына тиіп, өрт шыққан. Барар жері болмаған соң ерлі-зайыптылар екі баласымен ауладағы вагонда тұрып жатыр.

Алайда, олар уақытша тұрағынан да айырылатын түрлері бар. Өйткені, «Қарағанды жарық» компаниясы күтпеген жерден отбасыға мынадай хат жіберген.

«Өрттің келесі күні ақ 12-ші қаңтар күні бізге Қарағанды жарықтан хат келді. Қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында үй мен қора-жайды қолдануға болмайды екен. Сонда біз қайда баруымыз керек?» – дейді тұрғын Ульяна Гарипова.

Ульяна Гарипова «Қарағанды Жарық» компаниясы дәл осы хат арқылы өрт оқиғасын өз мойындарына алып отыр ма деп, не күлерін, не жыларын білмейді. Себебі, осы уақытқа дейін «электр желілерінің иесі біз едік» деп мойындаған бірде-бір компания болмаған. Ал енді аяқ астынан, үй электр өткізгіш желілерінің астында орналасқандықтан, оны қайта салуға болмайтынын ескерткен мекеменің әрекеті бізге түсініксіз дейді ол.

«Бұл үй салынғалы 32 жыл бойы бізге мұндай ескерту келмеді. Бізге ешкім осы күнге дейін «бұл жерде тұру қауіпті, бұл жерде электр желілері бар» деп айтқан жоқ. Электрик мамандар бірнеше рет келіп, бағандағы желілерді жөндеген. Сол кезде неге бізге ескертпеді?», – дейді Ульяна Гарипова.

«ҚР заңы бойынша, электр желірінің астынан ешқандай үй, қойма, жанармай өнімдерін сақтайтын орын салуға мүлдем тыйым салынған» – деді «KEGOG» АҚ электр желісі шебері Андрей Смоляков.

Ал «Қарағанды Жарық» компаниясының өкілдерінің аайтуынша, Гариповтар отбасына тиесілі жер телімін ешкім тартып алғалы жатқан жоқ. Заң бойынша жер аталған отбасыға тиесілі, оларды көшіруге біздің құқығымыз да жоқ, дейді олар.

«Бұл соттың ісі, біз оларды көшіруге бекініп отырған жоқпыз. Жер солардікі. Алайда, электр желілерінің қауіпсіздік ережелері бойынша, үй, құрылыс нысандарын салу барысында кейбір ережелер ескерілуі керек» – дейді «Қарағанды Жарық» ЖШС техникалық директорының орынбасары Алексей Бочарников.

1955 жылы салынған үйдің электр желілерінің астынан неге тұрғызылғанын компания өкілдері білмейді. Өйткені, Кеңес заманында салынған баспанаға біз жауапты еместігін айтты. Ал баспана аумағын жылжыту туралы отбасы тек қалалық әкімдікпен ғана кеңесіп шешуі тиіс мәселе дейді, «Қарағанды Жарық» ЖШС техникалық директорының орынбасары.

«Баспана аумағын жылжыту туралы не айта аламын. Оңға не солға жылжыт деп айту құқығым да жоқ. Оны әкімшілікпен бірге шешулері тиіс. Бұл мәселеде Қарағанды жарықты кінәлі деу дұрыс емес» – дейді «Қарағанды Жарық» ЖШС техникалық директорының орынбасары Алексей Бочарников.

Айта кетейік, өрт оқиғасы 11 қаңтарда тіркелген. Баспанасынан айырылған отбасы содан бері ауладағы вагонда тұрып жатыр. ТЖД оттың үй ішіндегі қазандықтан шыққанын айтып, бастапқы болжамдарын жасаған еді. Қазір нақты себебі әлі анықталу үстінде.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да белгісіз дертпен ауыратын 10 жасар қызға депутат көмектесетін болды

ОҚО тұрғыны әйелі «Иегова куәгерлері» ағымына кірген соң ажырасып кеткен

Тек шыныңды айтшы: Жоғалып кеткен қыздың анасы қызына үндеу жіберді

Оралда түрмедегі жазасын өтеуші асылып қалды

Талқылау