Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысы бюджетінің қарызын “Руки вверх” тобы “жамамақ”

Қарағанды облысы бюджетінің қарызын Вячеслав Бутусов, “Руки вверх” және өзге де гастрөлшілер “жамамақ”. Аталған аймақтың әкімі осылайша қазынаны толтырамын деген ойға келген. Жиналыс кезінде Нұрмұхамбет Әбдібеков қоластындағыларға осы мәселеге қатысты кезекті тапсырмасын берді, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.

руки-вверх

“Міне Бутусов келеді. Ол салық төлейді деп ойлайсыздар ма? Өздерінің аты қалай еді? Әлгі “Руки вверх” тобы ше! Афишаларын қаптатып іліп қояды. Олардан да пайда тауып қалуымыз керек!” – дейді Қарағанды облысының әкімі.

Мұндайдан кейін Қарағанды өлкесіне ресейлік жұлдыздардың келіп-келмейтіні әкімді қызықтырмайтын сияқты. Алайда концерт ұйымдастырушылары жағдайды түсінбей әлек болып жатыр. Онсыз да салық төлеп жүргендерін айтады.

Шетелдік жұлдыздың әр гонорарының 20%-ы салық ретінде алынып отырса керек. Мұнымен қатар, ұйымдастырушылар да қосымша салық төлеп отырған. Соңғы кезде гонорардың емес, әр билеттің 20%-ы салық ретінде алынатындығы туралы ереже шыққан.

“Бұл мүмкін емес. Бұл бір театр болды ғой. Расымен де. Мұндай жағдайда біз Қазақстандағы барлық концертіміз туралы ұмыта берсек болады. Артистер біздің өлкемізге мүлдем келмей қоюы да ғажап емес. Маған “Жақсы, сау болыңыздар” деп айта салған артық. Мен бұдан кейін саусағымның ұшын да қимылдатпаймын”, – дейді концерттердің ұйымдастырушысы Олег Ходыкин.


Оқи отырыңыз:

Қарағанды облысының әкімі артық жұмыс үшін ешқандай сыйақы алмағанын айтты

 

Талқылау