Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы батут иесінің артқы датамен жұмыстан шығарылғаны рас па? ТЖК төрағасы жауап берді

ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің төрағасы Владимир Беккер Қарағандыда аударылған батуттың иесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Дәрігерлер Қарағандыда батут аударылғаннан жарақат алған 3 баланың жағдайы туралы айтты

Осы уақытқа дейін қайғылы оқиғаға себеп болған батуттың иесі өрт бөлімшелерінің бірінің жетекшісі екені туралы айтылды. Ол осы жағдайдан бес күн бұрын, яғни 20 мамырда жұмыстан шығу туралы өтініш жазған. 

«Оның жұмыстан шығуына қатысты тексеру жүргізілді. Маған сеніңіздер, оны ешкім уақытты кері жылжытып, жұмыстан шығарған жоқ. Ол бізде 2001-2019 жылдары аралығында, расымен де, жұмыс істеді.

Ол жақсы қызметкерлердің бірі болды. Өзі бұл бизнеспен айналыспаған. Әйелі 2018 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, сол жұмыс істеген. Күйеуі оған көмектесіп жүрген. Полиция қызметкерлері одан жауап алған кезде ол өзіне күйеуінің көмектесіп келгенін айтты. Жалпы мұнда шиеленіскен ешнәрсе жоқ», - деді Беккер үкімет кулуарында. 

Сондай-ақ, ол Қазақстанда батут орнатуға қатысты есеп жүріп жатқанына тоқталды. 

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Орталық қалалық мәдениет және демалыс саябағында Қарағанды ​​қаласында күшті желдің салдарынан батут аударылып, бір бала қайтыс болды. Қайғылы оқиғадан кейін батутты орналастырған аттракцион иесі ұсталды

Талқылау