Марқұм отбасындағы жалғыз ұл болған: батутты орналастырған аттракцион иесі ұсталды
Қарағанды қаласында 11 жасар баланың өліміне әкеліп соққан үрмелі батутты орластырған аттракцион иесі ұсталды. Орталық демалыс саябағына батут орналастырған азамат 40 жастағы қала тұрғыны болып шықты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы ПД Баспасөз қызметіне сілтеп.

11 жасар баланың өліміне әкеп соққан батут иесі «сауық нысанын заңсыз әрі, талапқа сай орналастырмаған» деген айыппен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Естеріңізге сала кетсек, өткен сенбіде Қарағандының Орталық демалыс саябағында қатты соққан желден балалар ойнайтын үрмелі батут аударып қалған болатын.
Соның салдарынан батутта болған 11 жастағы бала мерт болып, тағы 2 бала жарақат алған еді. Олар шұғыл түрде емханаға жеткізіліп, тиісті ем алды.
Енді, осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 306 бабы 3 тармағына сәйкес «Адам өліміне алып келген қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетсек, осы жағдайдан кейін Қарағанды әкімі батутта көз жұмған баланың отбасына барып, көңіл айтты.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда