Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қара, қалың әрі біріккен қасты аққұба қыз желіде танымалдыққа ие болды (фото)

Кипрде қара түсті, қалың әрі біріккен қасты студент қыз желіде танымалдыққа ие болды.

София Хаджипантели

Бул туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

21 жастағы модель София Хаджипантелидің қалың әрі біріккен қасы анық көрінетін сурет желіде тарап кеткеннен кейін, қолданушылар жағымсыз пікірді жаудырған. Студент қыздың сөзіше, әлеуметтік желіде қолданушылар оны келемеждеп, тіпті, өлтіретіндерін айтып қорқытқан.

София Хаджипантели

«Олар бұл өте жиіркенішті дейді. Менің ойымша, беттегі немесе дененің басқа да бөліктеріндегі түктерде тұрған жиіркенішті не бар?» – дейді Хаджипантели.

София Хаджипантели

София Хаджипантели – табиғатынан аққұба қыз. Ол бірде қасын боямақ болып, аңдаусызда қара түске бояп тастаған. Алайда, мұнан кейін қасын қайта бояп немесе теріп тастаудың орнына, сол қалпында қалдыруды жөн көріпті. Ал бойжеткен ерекше қасымен танымал суретші Фрида Калоға ұқсайды.

София Хаджипантели

Бүгінде Хаджипантелидің Instagram-парақшасында 165 мың оқырманы бар. Ол өзінің қасына назар аудартып, өзгелерді сыртқы келбетінен ұялмауға үндеу үшін #UnibrowMovement хештегін қолданады.

Оқи отырыңыз:

Инеге жіп өткізудің оңай әдісі табылды

Ғалымдар адам миының үнемі жаңартылып отыратынын анықтады

Адам ойын оқитын құрылғы ойлап табылды

Теңізде жоғалған фотоаппарат 250 километр жүзіп, тұтас күйінде табылған (фото)

Талқылау