Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сіз өмір бойы мұны бұрыс жасап келесіз: Инеге жіп өткізудің оңай әдісі табылды

Инеге жіп сабақтап көрген кез-келген адам, оның қандай қиын екенін біледі. Дегенмен, Джон Бик атты желі қолданушы Твиттер парақшасында инеге жіпті қалай оңай өткізуге болатынын көрсетті.

Инеге жіп өткізудің оңай әдісі табылды

Видеода әйел алақанында жазылған жіпке инені ары-бері уйкелейді. Нәтижесінде жіп иненің көзіне өзі сабақталады. Бұл туралы  Stan.kz  ақпарттық агенттігі хабарлайды.

Инеге жіпті оңай өткізу шеберлігі көрсетілген видео 2 сәуірде дүйсенбіде жарияланған. Төрт миллион қаралымы бар бейне 95 000-нан астам желі қолданушыларға ұнаған. Твиттер пайдаланушылары қарапайым және керемет шеберлікті жәй ғана сиқыр деп атады.

Бұл әдіс көптеген адамдардың жұмысын жеңілдеткен секілді.

«Міне, сізге. Елу жыл бойы қыли болған көз. Дегенмен де ғаламтордың пайдасы бар екен»,-деп пікір қалдырған желі қолданушылар.

Айта кетерлігі, бұл әдіс тігіншілерге және басқа да білікті қызметкерлерге белгілі. Оның тиімділігін қалай жақсартуға арналған бірнеше кеңестер бар. Инеге жіп өткізер кезінде лосьон немесе крем қолданбаймыз, себебі қолымыз таза және құрғақ болуы керек.

Инені қолдың қатты бөліктеріне, мысалы, буындарда үйкелеген жақсы. Өйткені алақанның жұмсақ терісінде қажетті үйкеліс болмайды.


Ғаламтордың пайдасы мен зияны қандай?

 

Талқылау