Қапшағайлық алаяқтар Қайрат Нұртастың өтпейтін концертіне билет сатып, халықты алдаған

Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Әнші кезекті рет алаяқтардың құрбанына айналды. Бұл туралы Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

кацрат нуртас концерт афиша

Гүлзира Үсенқызы бірнеше күн бұрын афишаларды іліп, билеттерді сатқан адамның хабарласқанын айтты.

«2-3 күн бұрын, маған бір жігіт звондап жылағандай болды. «Апай, маған бір жігіт мына афишаларды іліп, мына билеттерді өткізіп берсең қалам ақыңды берем» деген соң кірісіп, билеттерді сатып жібердім. Ал афишаларды түгел іліп, жарнама жасадым. Енді плакат, билеттерді берген жігітке звондасам, мүлдем тұтқасы сөндірулі, не істеймін?» – дейді. Мен: «Қайрат ол күні бос емес, бара алмайды, біз ешкіммен келіскен жоқпыз, іздеп тап не сотқа бер», – дедім», – деп бастады әңгімесін Қайраттың анасы.

Әншінің анасы мұны Қайраттың атына дақ түсіргісі келетін адамдардың жасағанына сенімді. Қапаланған Гүлзира Үсенқызы кінәні кімге тағарын білмей дал. Ал Қапшағай тұрғындары Қайрат пен оның анасын кінәлап, түрлі жағымсыз пікірлерін жаудырып жатқан көрінеді. Гүлзира Үсенқызы концерт туралы хабарсыз болғанын айтып, Қапшағай тұрғындарын түсіністік танытуға шақырды.

«Енді ойлап қараңыздар, не үшін афиша, билет шығарып ақша құртып әлек болды деген сұрақты өздеріңізге қойып көріңіздер. Менің ойымша xалыққа Қайрат жайлы кері пікір туғызып, тағы да көтерілсе, абыройын түсірсек деген қара ниет секілді. Мұндай жағдай бізде жиі кездеседі. Ана болғасын менің жаныма бататыны, неге Құдайдан қорықпай мұндай іс-әрекеттерге барады деген ой. Бұл кімдердің ісі?

Тура осы жағдай кешегі Димашты пайдалана отырып балалардың арасына іріткі салу. Тек балаларымыздың емес, xалықты бізге қарсы қою бағыты ма деп те ойлаймын. Димаштың ата-анасын дәл мен жақсы түсінемін, баласы үшін тер төгу басымнан өте тұра опасыздыққа бару миыма да кіріп шықпайды. Естеріңізде болса, Праймдағы оқиға. Одан кейін Балуан Шолақта әдейілеп xалыққа билет сатып, өздерінің ізі де жоқ, тағы да көтеріліс болуға шақ қалған болатын, YouTube-та бар бұл жағдай.

Онымен де біткен жоқ, Ақсу не болмаса Ақши деген қалада тағы осындай жағдай бастан кешті, xалқы бізге сенбей қалғанын әңгіме етті. Билет сатқан адам ұшты-күйлі жоқ, ал біз xабарсызбыз, естімегенбіз де. Осының бәрі кімге керек? Еш түсіне алмаймын. Қапшағайлықтар кешегі концерттен біздің еш xабарымыз жоқ екенін ескере отырып, түсіністікпен қарасаңыздар болар еді.

Мұның бәрі кімге керек болды екен? Бұл жерде әншілер емес екені анық. Өнер адамдарының жүрегі жұмсақ келеді. Қайраттың шыққанына 10 жыл болды, болған жағдайларға көз жүгіртіп көріңіздерші? Ал мен бұл сұрақтың жауабын таба алар емеспін», – деп жазады Гүлзира Үсенқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова Қайраттың беделін түсіруді ойлағандарға ішіндегі бар мұңын ақтарды (видео)

Қытай әншісі Димашқа Бейжің орталығынан дыбыс жазу студиясын сыйлады

Димаш голливудтік фильмдерді қазақ тілінде дыбыстауы мүмкін

Қуандықтың аналарға арналған әні көптің көзіне жас келтірді (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар