Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш голливудтік фильмдерді қазақ тілінде дыбыстауы мүмкін

Димаш Құдайбергенов алдағы уақытта анимациялық мюзиклдар мен мультфильмдерді дыбыстауға шақырылуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

dimash_9tour

Ұсыныс туралы “Болашақ” корпоративтік қорының директоры Динара Шайжүнісова хабарлады. Оның сөзінше, бүгінде батыстық тапсырыс берушілер өз картиналарын дубляждау мәселесіне мейлінше жоғары талаптар қойып жатыр.

“Біз бұл мәселені шешіп, Димашты алып келуге тырысып көреміз. “Дисней” студиясы өте жоғары талаптар қойып отыр – дауыстың тембрі, интонация, дауыстың түрлі ерекшеліктері деген секілді. Егер бұл ұсыныс Димаштың қызығушылығын тудырса біз жұмыс жасауға дайынбыз”, – деді ол.

Шайжүнісова бұл ретте Димаштың анимациялық мюзиклдерді, оның ішінде “Салқын жүрек” секілді батыстық мультфильмдерді дубляждаса болатынын айтты.

“Мысалы, “Моана” – мультфильм. Біз 11 жеке ән жаздық. Негізінде бұл анимациялық мюзикл. Немесе “Салқын жүрек”. Осындай жобаларға біз оны шақырамыз. Биылғы жылы мүмкін болмағанның өзінде, келер жылы шақыратын едік. Өйткені фильмдер ерте дайындалады. Мәселен, соңғы “Өрмекші адам” қазір дауысы тазаланып дайын тұр”, – деді Шайжүнісова.Еске сала кетейік, мамырдың 24-і күні Димаш 23 жасқа толды. Бұл күні қазақ әншісін бүкіл әлем жарыса құттықтады. Әйгілі әнші Лара Фабиан, жер жаҺанға мәлім “Титаник” фильмі саундтрегінің авторы Уолтер Афанасьефф, голливуд жұлдызы Ева Лонгория Димашқа видео-құттықтаулар жолдады. Одан бөлек, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер Димашқа ақ тілектері мен жүрекжарды лебіздерін әлеуметтік желі арқылы жеткізіп жатты. Ал Димашты ерекше жақсы көретін қытайлар Қытайдын Бейжің, Шанхай, Гуанжоу қалалары мен Астанамыздың лэд-экрандарын жалға алып, бір күн бойы тек Димаштың суреттерін көрсетті.

Оқи отырыңыз:

Гүлзира Айдарбекова Қайраттың беделін түсіруді ойлағандарға ішіндегі бар мұңын ақтарды (видео)

Димаш жаңа альбомында қытай әндерінің көп болатынын айтты

Нұржан Керменбаев 15 жасында қалай ән салғанын көрсетті (видео)

Валерий Меладзе Батырды еске алу кешінде ән айтты (видео)

Талқылау