Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Керменбаев 15 жасында қалай ән салғанын көрсетті (видео)

Нұржан Керменбаев түлектерді соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, өзінің мектеп кезінде айтқан әнінің видеосымен бөлісті.

керменбаев оз елім 15 жас

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші бала күнінен “Музарт” тобының жанкүйері болғанын айтты. 2004 жылғы түлектерді шығарып салу рәсімінде 15 жасар Нұржан “Музарттың” әйгілі “Өз елім” әнін орындаған екен.

“2004 жылғы жас түлектерді құттықтап тұрған сәтім. Не деген әппәқ едім десеңші. Өздеріңіз көріп отырғандай, әуелден “МузАрт” тобының фанатымын ғой. Орындалып жатқан “Өз Елім” әні.
Осы жылғы жас түлектерді шын жүректен құттықтаймын. Алла адастырмай, тура жолға салып, салиx адамдардан болуларыңызды нәсіп еткей. Өз дара жолдарыңызды табуларыңызға тілектеспін”, – дейді Нұржан.

Желідегілер бозбала Нұржанның өнеріне тәнті, ал өзіне ғашық болды. Көпшілік әншіге тек оңды пікірлер жазған.

“Сені, сенің өнеріңді қандай болсаң да жақсы көреміз”, “Сіз қандай болсаңыз да әппақсыз бізге, мінезіңіз керемет”, “Міне нағыз қап-қарашка бала”, “Еңбегіңнің жемісі ақ болсын”, “Керемет дауыс”, “Біздің жерлес бауырымыз, мақтанышымыз”, – деп пікір білдірді тыңдармандар.

Жіберіп алмаңыз:

Ел айырылысты деп ойлаған Баян мен Тұрсынғали Луинаның кешіне бірге келді (фото, видео)

Қытай әншісі Димашқа Бейжің орталығынан дыбыс жазу студиясын сыйлады

Сыныптастар кездесуінде жердің шаңын шығарып билеген Салтанат Бақаева желіні “жарды” (видео)

Қуан қазақ! Димаш “Жылдың ең танымал әншісі” жүлдесіне ие болды (видео)

Талқылау