Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Кап-карашканың» қалың мал төлеуге ақшасы жетпей жүр (видео)

Қазақтың қара баласы Нұржан Керменбаев кезекті бейнебаянын жарыққа шығарды. «Әттең-әттең» деп аталатын туындыда Нұржан ғашық жігіттің рөлін сомдайды.

zN-JRZ0wxjY

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бір емес, екі қызға «ғашық» болған Керменбаевтың алғашқы «сүйіктісінің» атастырылған жігіті бар болып шығады. «Әттең-әттең» деп ән салған Керменбаев жауапсыз «махаббаты» үшін ұзақ қайғырмайды. Көп ұзамай екінші аруды ұнатып қалады.

Нұржанның кезекті «сүйіктісі» дәулетті отбасының қызы болса керек. «Ата-анасы әттең көп қалың мал сұрайды» деген Керменбаевтің ынжырғасы түсіп кетеді.

Тыңдармандары Нұржанның бұл туындысын ұнатқан секілді.

«Осы әніңіз қатты ұнаған еді», «Құдай қуат берсін, алға қазақ жігіттері», «Жарайсың», – деп жазды желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз: 

Нұржан Керменбаев бейнебаянының тұсауын кесіп, алғаш рет ұлын көрсетті

Керменбаевтың анасы: Мен Нұржанды “аппағым” деп атаймын

Керменбаев тағы ғашық болып қалғанын жасырмады

Исабекова мен Керменбаев жұрттан не жасырып жүр (видео)

 

 

Талқылау