Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтардан бастап “Қазпошта” хаттар мен сәлемдемелерді ашық түрде қабылдайды

2019 жылдан бастап “Қазпошта” жеке тұлғалардан хаттар мен сәлемдемелерді ашық түрде қабылдайды.

“Қазпоштаның” баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған қатысты заң қабылданбақ. Ал заңды тұлғалардың заттары ашық және жабық түрде қабылданады.

“Барлық хат, банероль, құнды қағаздар, сәлемдемелерді поштаға ашық түрде әкелу  керек. Пошта опературы жіберушіні анықтап, ол туралы мәліметті тіркеуі керек”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар заттарды тексеру мүмкіндігі жоқ болғандықтан заттай сәлемдемелер поштомат арқылы жіберілмейді. Пошталық жөнелтілімдерді пошта бөлімшелері арқылы жүзеге асырады.

Бұл шаралар пошта қызметін пайдаланушылар мен қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі үшін қолға алынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау