Қанға қан: Қайтыс болған жерлесі үшін кек алмақ болған тұрғын 292 қолтырауынды өлтіріп тастады
Индоензиядағы Батыс Папуа провинциясының тұрғыны қолтырауындар фермасында қайғылы жағдайда көз жұмған жерлесі үшін кек алмақ болып, 292 қолтырауынды өлтіріп тастады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Қолтырауындарды ұстап алып, судан шығарып, өлгенше пышақтады. Бұл сұмдық көрініс болды», – дейді куәгерлердің бірі.
Оқиға өткен сенбі, 14 шілдеде, орын алған.
Индонезиядағы Батыс Папуа провинциясының табиғатты қорғау департаментінің басшысы Басар Манулланг ондаған жергілікті тұрғынның қолтырауындарды аясуыз қырғанын айтты. Бұл жағдай қолтырауындар фермасында көз жұмған 48 жастағы ер адамның жерлеуінен кейін орын алыпты. Ер адам жануарларға шөп жұлып бергісі келген. Алайда осы кезде аяғы тайып кетіп, суға құлаған. Артынша оған бірден бірнеше қолтырауын шабуылдапты.
«Жұмысшы оның көмек сұрап айқайлағанын естіген. Алайда ол жерге барғанда, қолтырауынның әлдекімге тап бергенін көрген», – дейді Басар Манулланг.
Басар Мануллангтың сөзінше, оқиға орын алған фермада қорғауға алынған айдарлы қолтырауындар мен жаңа гвинеялық қолтырауындар өсіріледі. Сондықтан фермаға шабуылдаған Батыс Папуа тұрғындары біреудің жеке меншігіне зиян келтіргендіктен, заң бұзып отыр.
Десе де маман абайсызда қайтыс болған жергілікті тұрғын мен қолтырауындардан алынған кек оқиғасы тағы қайталануы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Оқи отырыңыз: Қолтырауындар туралы қызықты деректер