Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Канелоның» промоутері Головкинмен үшінші жекпе-жекті өткізуге уәде берді

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Instagram желісіндегі парақшасында мексикалық боксшы Сауль Альваресті жеңісімен құттықтады, деп жазады Stan.kz.

Оскар де ла Хойя

Сурет: ESPN

Сонымен қатар ол болашақта бокс жанкүйерлері «Канело» мен Головкиннің үшінші жекпе-жегіне куә болатынын жазды.

«Канело», құттықтаймын! Мексикалық чемпион. Головкин, сен – тамаша боксшы, керемет чемпионсың. Жалғасын көре аламыз ба? Иә, көреміз. Алайда бәрінен бұрын, «Канело» – чемпион. Жаңа парақтан бастаймыз», – дейді Де ла Хойя.

Айта кетсек, бұған дейін “Канелоның” промоутері үшінші жекпе-жекті өткізу үшін Головкинге шарт қойған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау