Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Канело» қарымта кездесу алдында Головкиннің көзіне тік қараудан бас тартты

Таяуда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің 15 қыркүйектегі қарымта кездесуінің алдындағы ақтық конференциясы өтті.

Сауль «Канело» Альварес

Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Конференцияда қос боксшының басы алғаш рет қосылды. Екінші жекпе-жек алдында Альварес Головкинмен бірге жасалатын шаралардан бас тартты. Бұған допинг сынамасынан өте алмағаннан кейін қазақстандық қарсыласының тарапынан айтылған пікірлер себеп болған.

Ақтық баспасөз конференциясында Головкин мен Альварес сахнаға шақырылды. Алайда «Канело»  қарсыласына жақындаудан бас тартты. Сондықтан конференияға жиналғандар боксшылар арасында дәстүрлі түрде өтетін бір-бірінің көзіне тік қарау шарасын көре алмады.

Айта кетсек, Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау