Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің уақыты және қарсыласы анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің нақты уақыты мен қарсыласының кім екенін анықталды.

Безымянный

Бұл туралы спортшының әлеуметтік желідегі парақшасы хабарлап отыр.

Бұған дейін боксшының менеджері Нұргазы Исмағамбетов AllFight.Ru порталына берген сұхбатында отандасымыздың келесі кездесуі жайлы ақпарат берген еді.

“Қанат Исламның келесі кездесуі 17 ақпан күні Нью-Джерси штатындағы атақты Рой Джонс пен Бобби Ганн бокс кешінің андеркардында өтеді. Бұл 10-раундтық рейтингтік кездесу болады. Қанаттың қарсыласы әзірге белгісіз. Қазір Қанат АҚШ-та Нельсон Лопестың қоластында жаттығу жиындарын өткізуде”, – деген болатын ол.

460038382

Сол жақтағы – Робсон Ассис.

Көп өтпей қазақстандық боксшының қарсыласы да анықталды. Бірінші орта салмақ бойынша WBA Fedelatin, WBO Inter-Continental, UBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, отандасымыз кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 17 ақпанда 23-кездесуін бразилиялық Робсон Ассиске қарсы өткізбек.

Робсон Ассис осы уақытқа дейін 19 кездесу өткізген. 3 рет жеңіліп, 16 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. 9 кездесуінде қарсыласын нокаутпен ұтқан.

Оқи отырыңыз:

Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді

Универсиада жеңімпаздарына берілетін сыйақының көлемі белгілі болды

Боксшы Біржан Жақыпов лауазымды қызметке тағайындалды

Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)

Талқылау