Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам жас боксшыларды “Қазақ” командасына шақырып үндеу тастады (видео)

WBA Fedelatin, WBO Inter-Continental, UBC тұжырымдары бойынша кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Қанат Ислам бейнеүндеу арқылы қазақ боксшыларды өз командасына шақырды.

51kanat

Боксшының айтуынша, ауыр салмақтағы боксшы Руслан Мырсатаев Исламның командасына қосылып үлгерген. Қазір Руслан Қанатпен бірге АҚШ-та жаттығу үстінде екен.

“Міне бүгін Kazakh team командасына Руслан Мырсатаев келіп қосылды. АҚШ-тағы ортамыз тағы бір қазаққа көбейді. Америкадағы Kazakh team командасы қазақтарды әлемге танытуды мақсат етіп отыр. Қазақтың жастары, қазақтың батырлары келіңдер, біздің командаға қосылыңдар! Қазақтың туын бірге көтерейік, Алға Қазақстан!” – деді видео жолдауында Қанат Ислам.

Бейнежазбаны журналист Берік Сұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Қанат Ислам өзінің келесі жекпе-жегін 17 ақпан күні бразилиялық Робсон Ассиске қарсы өткізеді.

Оқи отырыңыз:

Головкиннің Джейкобстен кейін кіммен кездесетіні белгілі болды

Универсиаданың ашылуына қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды

Назарбаев: Алматыға қар жаумағанда, Астанадан апаратын едік

Роналду 2018 жылғы әлем чемпионатынан кейін үйленеді

Талқылау