Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам WBA рейтингінде көш бастады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өз салмақ дәрежесі бойынша Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде көш бастады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Отандасымыз Қанат Ислам WBA рейтингінде бір сатыға көтеріліп, нәтижесінде бірінші орынға жайғасты. Ал бірінші ауыр салмақтағы отандасымыз Иса Ақбербаев пен жартылай орта салмақтағы Жанқош Тұраров 10-орынға табан тіреді.

Соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан Жанат Жақиянов 5-орынға жайғасты. Естеріңізге сала кетсек, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек күні өткізіп, канадалық Брэндон Кукты 9-раундта нокаутпен жеңді. Ол WBA Inter-Continental және WBO NABO белдіктерін сәтті қорғап шықты.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ күресінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны алтыншы алтынмен толықты

Үш бірдей қазақ балуаны еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қазақстан Барысын үш рет ұтқан Бейбіт Ыстыбаев 10 жасар баладан жеңіліп қалды

Қазақ күресі: Абсолютті салмақ жеңімпазы 5 мың доллар алады

Талқылау