Үш бірдей қазақ балуаны еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Жексенбі, 29 Қазан , 2017 10:45

Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен Әлем чемпионатының алғашқы күні-ақ үш бірдей қазақ балуаны чемпион атанды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

55 келі салмақта өнер көрсеткен Марат Нығматуллаев финалда армениялық Багалян Погоспен айқасып, жеңіске жетті. 82 келі салмақта ел намысын қорғаған екінші балуанымыз Нтанатсидис Алексионоспен белдесіп, алтын жүлдені иеленді.

Ал үшінші алтынды иеленген 90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділжан Ыстыбаев болды. Ол шешуші сында Тәжікстаннан келген Хрушед Шариповпен белдескен еді.

Сондай-ақ аса ауыр салмақтағы Руслан Әбдіразақов «қола» еншіледі.

Айта кетсек, әлем чемпионатының екінші күнінде 4 балуанымыз бақ сынайды.

Жарысқа әлемнің 40 мемлекетінен келген 166 спортшы қатысуда. Жарыста жеңімпаздары – 2 мың, екінші орын еншілегендер – 1 мың, ал үшінші орын иегерлері 500 АҚШ долларын иемденеді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан Барысын үш рет ұтқан Бейбіт Ыстыбаев 10 жасар баладан жеңіліп қалды

Қазақ күресі: Абсолютті салмақ жеңімпазы 5 мың доллар алады

Астанада қазақ күресі бойынша әлем чемпионаты басталды

Қанат Ислам Алматыда Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар