Қанат Ислам: Канеломен Головкиннен бұрын мен жекпе-жек өткізуім керек

Жұма, 28 Сәуір , 2017 18:57

Қанат Ислам Головкин туралы ойымен және алдағы жоспарлары жайлы айтып берді.

Bezymyannyy-10

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат Геннадий Головкин және  Сауль “Канело” Альвареспен жекпе-жек туралы сондай-ақ алдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп жазады vesti.kz.

“Головкинмен жекпе-жекке қатысты сауалды мен көп естіп жүрмін. Мен Генаны досым ретінде, чемпион ретінде, ағам ретінде қатты сыйлаймын. Ол көк туды желбіретіп жүрген қазақтың батыры. АҚШ-та, Мексика мен Ұлыбританияда түсінік бөлек, қазақ елінде түсінік басқа. Біздің ел үшін атақтан бұрын бауырмалдық бірінші орында тұрады. Головкин екеуміз бір-бірімізді сабағанша, ол өз салмағында мен өз салмағымда чемпион болу әлдеқайда артық деп ойлаймын.

Геннадий Головкин қазір әлемге әйгілі боксшы. Оған тек қазақстандық жастар емес, әлем жастары еліктейді. GGG қарсыласын бірінші раундта-ақ рингке шыққанына өкіндіретін өте талантты боксшы. Өз салмағында Генаға шақ келетін қарсылас жоқ. Иә, ол өз салмағының патшасы!”, – дейді Қанат Ислам.

Сондай-ақ отандасымыз Қазақстанда қазір жоғары деңгейлі бокс кештерін ұйымдастыруға мүмкіндік бар екенін де айтып, Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастыру туралы пікір білдірді.

“Қазір Қазақстанда 10,20,30 және 40 мың жанкүйерді құшағына сыйдыра алатын спорт кешендері бар. Головкиннің қатысуымен өтетін жекпе-жек кешін EXPO-2017 кезінде ұйымдастыруға болатын еді. Бірақ олай болмайтын шығар. Өйткені, Головкиннің өз жоспары бар.

Әрине, Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізгенін мен де қалаймын. Бұл жанкүйерлер үшін үлкен сый болар еді”, – дейді боксшы.

Сұқбатының соңында боксшы алдағы жоспарлары туралы айта кетіпті.

“Алдағы уақытта “Канеломен” Головкиннен бұрын мен жекпе-жек өткізуім керек. Өйткені, ол біздің салмақтың чемпионы. Соңғы жекпе-жегімнен кейін мен Саульді жекпе-жекке шақырдым. Ол Чавеспен кездесіп болғаннан кейін менің шақыртуымды қабыл алатын шығар.

“Канело” мен Головкиннің арасындағы кездесуді көптеген жанкүйерлер күтіп отыр. Егер екі боксшының командасы жекпе-жек туралы келісімге келсе, мен GGG-дің жеңіске жететініне сенімдімін. Өйткені, ол шынында мықты боксшы”, – дейді Ислам.

Еске салайық, Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 26 мамыр күні Флорида (АҚШ) қаласында өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалес болады. Бұл жекпе-жекте бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA intercontinental белбеулері сарапқа салынады.

Тағы да оқыңыз:

Головкинмен деңгейлес тағы бір қазақстандық боксшы анықталды

Мейвезер, Пакьяо мен Тайсон Астанаға келмек

11 жастағы Нұрия Сүлеймен спортта 80 медаль жеңіп алған

Петропавлда бокс чемпионы науқас анасымен бірге лашықта тұрып жатыр (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар