Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейвезер, Пакьяо мен Тайсон Астанаға келмек

Бүгін WBC Конвенциясының туын «ЭКСПО-2017» көрмесінің ұйымдастырушысының штаб-пәтеріне сақтауға беру рәсімі өтті, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК баспасөз қызметі.

image_23592

Бұл дегеніңіз WBC Конвенциясының мерейтойлық 55-сессиясы 2017 жылдың 31 тамызы мен 9 қыркүйегі аралығында, яғни ЭКСПО көрмесі ұйымдастырылатын кезеңде Астанада өтеді деген сөз.

Оған 500 делегат қатысады. Олардың арасында бүгінгі әлем чемпиондары мен осы атақтан үміткерлер, танымал меценаттар мен менеджерлер, промоутерлер бар. Кәсіби бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожиннің айтуынша, қазақстандықтар мұнда әлемдік бокс жұлдыздарын көруге мүмкіндік алады. «WBC басшылығы Астанаға келуге ниет білдірген спортшылардың ұзын-сонар тізімін жіберіпті. Олардың арасында Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо, Майк Тайсон, Мұхаммед Әлидің қызы Әли Лейла Әли бар. Тізімдегілердің барлығы чемпиондар және барлығы да WBC белдігін жеңіп алғандар.

Тізімде әрине Геннадий Головкин де бар. Головкин ол уақытта өзінің жекпе-жегіне дайындалып жатады. Соған қарамастан біз оның көрмеге қатыстуы бойынша келіссөздерді жалғастыра береміз»,-деді Ерлан Бекхожин. Конвенция аясында қазақстандық және әлемдік бокс жұлдыздарының қатысуымен бокс кеші өтеді. Кеш ЭКСПО-2017 көрмесінің алаңында болады. Басты оқиға WBC дәрежесі бойынша әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек болады және ол әлемнің 40-тан астам еліне трансляцияланады. WBC Бүкіләлемдік боксшылар кеңесінің мерейтойлық 55-ші Конвенциясы ЭКСПО-2017 көрмесінің маңызды оқиғаларының бірі болады.

Тағы да оқыңыз:

11 жастағы Нұрия Сүлеймен спортта 80 медаль жеңіп алған

Петропавлда бокс чемпионы науқас анасымен бірге лашықта тұрып жатыр (фото)

Жолаушы көлікте қалған ақшасын қайтарғаны үшін таксиске үй мен көлік алып берген

Талқылау