Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадалық аюларды үйінен сыпайы түрде шығарып салды

Канадалық Джордан Коут үйінің ауласына кіріп келген аюларды сыпайы түрде кетіп қалуға көндірді. Ол аюлармен кездесуін видеоға түсіріп алып, кейін интернетке салған екен.

Бұл туралы lenta.ru басылымы жазды.

Коут үйіне кіріп келе жатқан аюларды көрген кезде “Балақайлар, мен сендердің кеткендеріңді қалаймын. Жарай ма?” деп сұрайды. Бұл сөздерді естіген жыртқыш теріс бұрылып, орманға қарай кетіп қалады. Қуанышы қойнына сыймаған канадалық “Сендерге менің аулам ұнаған шығар деген үміттемін. Күндерің сәтті өтсін!” – деп әзілдейді.

Аталған оқиғамен Коут әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Видеосының тұсына “Жыртқыш аңдарға канадалықтар осылай жауап береді” деп жазып қойған екен. Аталған жазбаға аз уақыт ішінде 3,7 мың лүпіл қойылған.


Жіберіп алмаңыз:

14 баланың 44 жастағы анасы өз еңбегімен миллионер атанды

Британияда “ақылды” секс-қуыршақтар сатылымға шығарылды (видео)

Америкалық археологтар Мысыр пирамидаларының басты құпиясын ашты

Якутияның ең бай депутаты 13 млн рубльге түскі ас ішті

Талқылау