Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Якутияның ең бай депутаты 13 млн рубльге түскі ас ішті

Якутияның ең бай депутаты Виктор Федоров адам айтса нанғысыз сомаға түскі ас ішкен.

Бұл туралы Vostok.Today басылымы жазды.

“Бір оқиға болды. Тамақтың ақшасын төлеуге картамдағы ақша жетпей қалды. Себебі, 13 млн рубльге түскі ас ішкен екенмін”, – дейді депутат.

Ал мейрамхана қызметкерлері мұндай оқиғаның техникалық ақаулар салдарынан орын алғанын айтады. Мұнымен қатар, Федоровқа қызмет көрсеткен даяшының сол күні бірінші рет жұмысқа шыққаны анықталған. Оған қатысты барлық шара қолданылған екен.

Мейрамхана бастығы артынша Федоровқа хабарласып, одан кешірім сұраған. Ал шенеунік өз кезегінде мұндай түсінбестіктердің кез келген жерде орын алуы мүмкін екенін айтып кешірген. Естеріңізге сала кетсек, Виктор Федоров 2017 жылы Якутиядағы ең бай депутат атанған. Оның табыс көзі 114 108 625 рубль екен.


Жіберіп алмаңыз:

Баскетболшы қоян әлемдік рекорд орнатты

Үңгірде үш күн түнеген жігіт өлмес үшін қабырғаны жалаған

37 жастағы ана балаларын асырау үшін қолтырауынды өлтірді

Алдымен тіркеуден өтіп барып кіруге болатын ерекше мешіт (фото)

Талқылау