Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадалық режиссер: Жылқыны қолға үйрету қазақ жерінде басталғанын ешкім білмейді

Канадалық режиссер, антрополог Найоби Томпсонның айтуынша, жылқыны қолға үйрету қазақ жерінде басталғанын ешкім білмейді.

817c3013cf5232a15a84e5a2d21ed0fc_resize_w_1140_h_696

 

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Енді осы тарихты бүкіл әлемге паш етуге мүмкіндік бар. Қазақстан шетелдік компаниялармен бірлесіп, EQUUS (жылқы) деректі трилогиясын түсірмек.

“Қазақстан атбегілік мәдениеттің отаны. Бұл мәдениет осы жерде басталды. Жылқыларды қолға үйрету Қазақстан аумағында басталғанын білеміз. Бірақ бұл туралы ешкім дерлік білмейді деп айта аламын. Батыс елдері білмейді, тіпті осы жерде де бейхабар болуы мүмкін. Ботайда жүргізілген бірегей қазба жұмыстары жылқыны қолға үйрету Қазақстан аумағында басталғанын көрсетті. Енді осы тарихты бүкіл әлімге паш етуге мүмкіндігіміз бар”, — деді бүгін жылқы туралы деректі фильмнің түсірілімне арналған баспасөз мәслихатында Найоби Томпсон.  EQUUS (жылқы) — “Қазақстан” телеарнасы мен Cleawater Documentary Inc компаниясының бірлескен жобасы. Баспасөз мәслихатында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев аталмыш жоба еліміздің тариxы мен дәстүрін қамтып, кино және туризм бойынша  xалықаралық аренадағы имиджін қалыптастыруға ықпалын тигізетінін ерекше атап өтті.  Жобаның негізгі мақсаты — Қазақстан жерін мекендеген ертедегі жылқылардың өмір сүру салты мен материалдық мәдениетін ең үздік ғылыми жетістіктер негізінде зерделеу.

Мамандар атап өткендей, Қазақстан жылқыны алғаш қолға үйреткен және атбегілік өнердің негізін қалыптастырған ел. Сондай-ақ әлемге әйгілі жеті тілдің (индо-еуропалық) пайда болған мекені, Солтүстік Еуропадан Орталық Шығыс және Үндістанға дейінгі көне генетикалық мәдениеттің отаны. Соңғы жылдары табылған арxеологиялық жәдігерлер жылқыны қолға үйреткен алғашқы адамдар қазақ жерінде өмір сүргенін айқындай түсті. EQUUS сериалы жылқы жануарының адамзат тариxындағы рөлін ашып, Орталық Азияда жылқының шығу тегі турасындағы жаңалықтарды баяндайды.  Жобаға бастама болғандардың бірі продюсер Нұрбол Баймұхановтың айтуынша, жылқы туралы деректі трилогияның еліміз үшін маңызы өте зор.

“Себебі, бүкіл адамзаттың тарихына біздің еліміздің, жеріміздің қосқан үлесі үлкен. Жиырма бірінші ғасыр биология ғасыры дейді ғой. Бүкіл адамзат тарихқа, адамның таралуына, саяхатына жаңа көзқараспен қарауда. Бүгінде  Батыс  Орта Азия халықтарына өте үлкен қызығушылық танытып жатыр. Тек генетика ғылымы ғана емес, басқа ғылымдар да осы жерге тіреледі. Біз Еуразияның ортасында тұрмыз. Біздің жерімізден ғарышқа кеме ұшқан, біздің жерімізде адамзат жылқыны қолға үйрете бастаған. Бұл біз үшін мақтаныш қана емес, үлкен жауапкершілік. Сондықтан осындай жобаға біз қатыспағанда, кім қатысады? Ұлы дала идеологиясына дәл келетін жоба”, — дейді ол.

“Жылқы қазақ үшін қасиетті. Бірақ соңғы кезде жылқыны тек ас ретінде пайдаланып жүрміз. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Жылқы біздің мәдениетімізге үлес қосқан төрт түліктің бірі. Эволюциялық тұрғыдан қарасақ жөн болады”, — деп тарқатты ойын Баймұханов.  “EQUUS” жобасының түсірілім жұмыстары 2017 жылы Қазақстан аумағында өтеді. Оған қазақстандық кинематографистер,актерлер, дублерлер, өнер және дизайн саласындағы кәсіби мамандар тартылып, канадалық түсірілім тобымен бірлесіп жұмыс істейді. Қазақстандық кинематографистер үшін бұл мол тәжірибе ғана емес, сонымен қатар ғылыми дерекнама  бағытында руxани-мәдени  алмасу болмақ. Жалпы, бұл жобаға Қазақстаннан басқа төрт мемлекет қатысады. Деректі трилогия Канада, АҚШ, Германия және Франция елдерінің ұлттық ақапарат тарату корпорациялары арасындағы халықаралық әріптестік нәтижесі. Бірлескен жоба 2018 жылы аяқталып, 50 елге таратылады деп жоспарланған.

Жіберіп алмаңыз:

60-қа келген ақсақал жылқының басынан домбыра жасаған (видео)

Марқұм иесін жоқтаған жылқы жұрттың жүрегін тебірентті (фото)

Қазақстандық атбегілер жылқы баптап джип ұтуды кәсіпке айналдырған

Талқылау