Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмшат Жолдыбаеваның анасы қызын тұрмысқа беруді армандап жүр

Оң босағада отырып қалған танымал бикештердің бірі – Кәмшат Жолдыбаева. Бүгінде оның бар ойлағаны – өнер. Ал анасы қызының тезірек теңін тапқанын қалайды.

Кәмшат Жолдыбаеваның анасы қызын тұрмысқа беруді армандап жүр

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Ата-ананың тілегі, арманы, мақсаты – өнері бір жағынан серіктес болса, қасына жүрегін жүрегімен еститін, тыңдайтын, қолдайтын, сыйлайтын, өзіне лайық жан табылса деймін. Әрине, ол менің үлкен тілегім”, – дейді Гүлнар Жолдыбаева.

Алайда Кәмшаттың өзі де, сіңлісі Алтынай да әзірге тұрмыс құруға асықпайды. Апалы-сіңлілі бикештердің бар ойы – өнерде, сахналық образда. Ал Мирбек Атабековпен түсірген соңғы клипінен кейін біраз сөздің астында қалса да, Кәмшат елдің сөзіне мән бермейді. Себебі:

“Әртүрлі пікірлерге алаңдау – уақытыңды босқа алады, күш-қуатыңды да босқа аласың. Сондықтан ондай нәрселерден аулақпын. Бірақ бір ғана қынжылатын нәрсем – жақындарымның, ата-анамның сол пікірлерге көңіл аударуы”, – дейді Кәмшат.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау