Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қамауға алынған журналист Ғабдуллинге қатысты жаңа дерек шықты

Бүгін терегушілер Алматыда белгілі журналист Бигелді Ғабдуллинге тиесілі ақпарат-сайттардың кеңсесін тінтіді. Бұл туралы КТК хабарлайды.

6546546465

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері редакциядан бірнеше компьютер мен құжаттарды тәркілеген.

«Радиоточка.кз» сайты мен «CentralAsiaMonitor» газетінің басшысы шенеуніктерден ақша бопсалады деп айыпталып жатқанын айта кетейік. Ғабдуллин өзіне тиесілі газет-сайттарға мемлекеттік мекеме басшыларына қатысты сыни мақалалар жариялап отырған. Ал шулы материалдарды алып тастау үшін ақша сұрапты.

Сөйтіп белгілі журналист жеті ведомствоның басшысынан пара талап еткені анықталған. Ғабдуллинге қатысты арыз жазғандардың арасында Жамбыл облысының әкімдігі бар. Журналист жамбылдық шенеуніктерден 10 миллион теңге сұраған көрінеді.

“Бигелді Ғабдуллин Жамбыл облысының әкімдігінен бөлек бірқатар министрліктен де пара сұраған. Тергеу ашық жүріп жатыр. Сондықтан тексеру кезінде анықталған дәлелдердің барлығын жариялаймыз”, – деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.

Оқи отырыңыз:

Астрологтар ең бай жұлдыз белгісін атады

Дәрігерлер қатерлі ісікті алтынмен емдеуді қолға алды

Ғалымдар адамдарға қажетті мүшені доңыздың ағзасында өсірмек

Джип көлігімен 3 адамды қағып өлтірген жүргізуші өзіне қол салды

Талқылау