Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қалаулымдық” Замира: Ажырасқанда балаларын күйеуіне тастап кеткен бірінші әйел шығармын

“Қалаулым” атышулы реалити-шоуының символы Замира Сұлтан Stan.kz сайтына сұхбат беріп, тұрмысқа шығуға дайындалып жүргенін, жарнамамен табатын нәпақасы және қазақтар жыныстық қатынас туралы айтуға неге ұялатынын түсіндірді (сұхбаттың басы).

"Қалаулымдық" Замира: Ажырасқанда балаларын күйеуіне тастап кеткен бірінші әйел шығармын

-Сізді Аман Тасыған “Талқылайық” жобасына шақырып, түрлі жағымсыз сұрақтар қойды. Артынан бағдарламаны таныту үшін сондай қадамға мәжбүрлі бардым деп ақталды. Замираға басқа қандай сұрақ қоюға болады деп те айтып қалды.

– Иә, ең бірінші қонақ болдым оған. Жаңадан ауруханадан шықтым. Неше түрлі сұрақтар қойды. Мен таңғалдым сізді бұған дейін танымасам да осындай журналистер бар екен ғой деп. Екеуміз қалжыңдасып өткіздік. Екеуімз әрі құрдаспыз. Оған деген көзқарасым дұрыс. Өзіне мен арқылы жарнама жасап алды деп түсінемін. Сол адамдардың қоятын сұрақтарын, адамдарға қызық сұрақтарды қойды маған да. Ұятсыз, ұрыс-керісі көп сұрақтары бар болса, әрине, көпшілікке қызық. Менің арқымда өзін-өзі туралы пиар жасап алды. Оған түк ренжімеймін. Себебі ол – журналист. Аманмен қарым-қатынасымыз жақсы негізі, жуырда тағы қонаққа барамын.

-Аманның қаралымы бойынша ең көп бағдарламасы осы сізбен өткізген сұхбаты болды ғой

-Иә, қаралымы көп болғандығы соншалықты, тіпті үстінен шағым түсіргендер де болды.

-Өзіңізді әдемі санайсыз ба?

-Иә, әрине. Өзімді әдемі санаймын. Әр әйел адам өзін әдем санайтын шығар. Менің фигурам 90-60-90 болмаса да, оған назар аудармаймын, фитнесспен айналыспаймын, диета ұстамаймын, дәрі ішпеймін. Бірақ кейбір қыздар сияқты ерінді үлкейтіп, көзді үлкейтіп, мұрынды түзетіп, кеудемді үлкейтіп жатқан жоқпын. Көзім дәу, өзім сарымын, шашым ұзын, тырнақтарым ұзын. Туғанымнан осындай, ешқай жерім өзгермеген. Мен тіпті үйде де керемет күтім жасамаймын, косметологқа барғанда болмаса. Мен боянбасам да өзімді өте әдемі деп санаймын. Тек эфир кезінде ғана боянамын, онда да бетті тегістейтін крем мен опа ғана. Менің көзім дұрыс көрмесе де көзім ең ерекше, ең үлкен, өзімді әдемі әйел ретінде санаймын.

"Қалаулымдық" Замира: Ажырасқанда балаларын күйеуіне тастап кеткен бірінші әйел шығармын

-Тұрмысқа шықпай тұрып, маған бірнеше жігіт керсек, секс күнде керек деп айтып қалдыңыз. Бұл хайп па?

-Жоқ, бұл хайп емес. Бұл менің бұрынғы күйеуім туралы әңгіменің ішінен алынған. Мен ажырасқан кезде бір емес, екі жігітпен кездестім, неге деген кезде, бір жігітпен кездесіп жүріп, ол жұмыста болып қалса қиын, себебі төсек қатынасы болмаса, тұра алмаймын деп. Сондықтан бір емес, екі жігітпен кездесіп жүрдім, Саят, Азамат есімді жігіттермен, бір күн біреуімен, келесі күні – екіншісімен.

-Инстаграмм парақшаңыз, танымалдылығыңыз сізге табыс әкеле ма?

-Адамдардың барлығы “Қалаулымға” жазылушылар санын көбейтуге барса, мен “Қалаулымнан” шыққан кезде, бағдарламаның шеф-редакторы Шахкерім менің барлық әлеуметтік желілердегі парақшаларымды, бәрін өшіріп тастады. Мен Астанаға Ляйлә Сұлтанқызының бағдарламасына барған болатынмын. Сол үшін ол ренжіп, неге менің рұқсатымсыз барасың деп өшіріп тастады.” Мә, өшірсең өшір, пиарщица емеспін, мен адал қызбын, маған Құдай өзі береді, ұятың болса, еркек болсаң өшір” деп. Өшіріп тастады. Инстаграмдағы ұсыныстардан тек өзіме қажетін аламын, сән салондарына түрлі шараларға, тырнақ-кірпік, киім, аяқ киім дегендей. Ақша істеп жүрген жоқпын бірақ. Бұл менің оныншы инстаграм парақшам екен.

-Қыз-келіншектерге қандай кеңес айтар едің?

-Мен білмеймін, көп кеңес айта алмаймын өмірге қатысты. Нақты сұрақ болмаса. Ең маңыздысы,  ерте тұрмысқа шыққан әйел ретінде айтарым -ерте күйеуге шығудың қажеті жоқ, мен кезінде отбасылы болмасам, карьера қуып, жұмыс істеп кетер ме едім, үйде отырып қалмас па едім деп ойлаймын. Ал қазір 17 жаста байға шығып, үйде отырып қалған әйелмін, жұмысқа икемім келмейді, келсе де жалқауланып кеткенмін. Сондықтан айтарым – бай-бай деп қуалай бермей, еркектерге сенім жоқ, ерте тұрмыс құрмай, жұмыс істеп алыңдар. Еркектерге сеніп алданып қалмаңыздар.

-Ажырасқандар үшін бағдарлама барысында төбелесуге дейін бардыңыздар. Біздің қоғамда ажырасқандарға деген қалыптасқан көзқарас ашуыңызға тие ма?

-Иә. Ажырасқан-ажырасқан деп адамды жер қылуға болмайды. Ол кезде ашуыма тигені – ажырасқан қыз қатысып отырды, сонда бір үйленбеген жігіт ажырасқандар келмесін мұнда деп ұрысты. Сосын менің жыныма тиді. Ол пиар үшін келіп отырса, мен шынайы келіп отырмын. Жыныма тиді. Сонда ажырасқан еркектерге әйелді шертіп жүріп алуға болады, ал біз ажырастық деп асылып өліп қалуымыз керек па бала-шағамызбен қосылып?! Көбінесе ажырасқан әйелдер балаларын құшақтап қалып қалады, ал мен неге ажырасқаннан әйелдер ғана жапа шегу керек, мә, өздерің бағыңдар, кімнен тудым, соған тастап кеттім. Балаларымды тартып алып, жылатып отырсам да болар еді, бірақ не істеймін оны, мысалы балалармен үйде қамалып отыра алмаймын. Жиі көріп тұрамын балалалырмды. Көрші тұрамыз. Аштан өлтірмейді ғой, өздерінің тұқымдары.

Тек әйелдерді кекетіп, жер қылады бізде. Ал еркектерге болады екен иә үш-төрт қатын алуға өз бастарын баға алмай жүріп?! Өздерің не мачо санай ма? Жоқ, әлде Брэд Питт па?

-Қазақтар жыныстық қатынасқа байланысты тақырыптарды ашық қозғауға ұялады. Неге?

– Неге екенін білмеймін. Бірақ тәрбиені адам әке-шешесінен алады ғой, менталитетіміз басқа болды. Мен үйде ерке болып өскендіктен, мұндай тақырыптарға ашық пікір айта беремін. Дәл үйдің ішінде болмаса да, сыртта дегендей. Мені жұрт ұятсыз, басқа деп ойлайтын шығар, бірақ мұндай өмірді ерте, 17 жаста бастағасын ба, кейбіреулерге кеңес беремін, кейбіріне көмектесемін, кейбірі мені ұятсыз деп қабылдайды.

Мен ойлаймын осындай тақырып туралы көбірек көтеріп, кішкене жастардың сауатын ашу керек. Жүктіліктің алдын алу шаралары туралы ескерту қажет. Мүмкін солай болғанда, зорлық, баланы туып, дәретханаға тастап кету деген болмас па еді?! Қыздар маған жиі жазады, алдап-сулап, пәктігімді алды, енді өзіме қол жұмсауға дайынмын деп.

Ешкімнің әке-шешесі ашық сөйлесіп, түсіндірмейді. Тек қаталдықпен тәрбие береді, қысқа киме дегендей тыйымдарын салады. Тек қана білім ал, білім ал. Ішкі дүниесінде не болып жатыр, дене бітімі өзгеріп жатыр-ау деп ешкім зер салып, назар аудармайды. Ашық сөйлесу керек шетелдегідей. Оны және адамдары дұрыс қабылдайды. Ал біз деген үйден қуып жіберіп, асылып өлтірте саламыз, әркім өз басын ойлап.

-Дау тудыратын видеоконтент жиі саласыз, оған жақындарыңыздың көзқарасы қандай?

-Жақындарым ештеңе демейді. Мамам мен сіңіліммен бірге тұрғанда, олар көрмесін деп, бұғаттап тастағам. Бірақ та біреу-міреу жіберіп, көріп қалады. Мен ашық сөйлеп үйреніп қалғанмын, бәлкім қойып кетермін болашақта мұны, сондықтан қазір осы образдан шыға алмай жүрмін. Мен тыныш жүрсем, елеусіз қаламын да, өзім де біртүрлі болып қаламын. Видеоларым тез таралады. Жақындарымның көзқарасы әрине нашар. Сол үшін әлі құдалық та болмады. Күйеуіммен қосылғанымызға бір жарым ай болды.

-Бұған дейін ғашық болып көрмедім деп айтып қалған едіңіз? Жұбайыңыз несімен баурап алды сізді?

-Иә, бұған дейін бірінші күйеуіме де ғашық болып көрмедім, ол мені алып қашып кетті. Жай ғана бауыр басу болды. “Қалаулымнан” кейін поклонниктар көбейді, әрине. Бірақ та олармен кезедсейін десем, оларға менің танымалдылығым қызық болды. Бірге қыдырып, жүргеніміз. Маған ондай адамдар ұнамайды. “Қалаулымнан” кейін қиналғаным, мен өзімді жәй ғана адам ретінде қабылдайтын адамдарды таппай қалдым. Әлішеріммен танысқан кезімде ол мені танымал екенімді білмеді де, телевизор басқа туралы сұрамады. Мен сол кезде теледидардағы клоун емес, өзімді қарапайым адам ретінде сезіндім. Хайп, телешоу туралы білмейтін, инстаграмы жоқ адам ретінде Әлішер мені баурап алды. Ол бұған дейін отбасылы болған, бірақ баласы жоқ, менен екі жас үлкен. Ұлы жүз, Дулат руынан. Мен оны қатты жақсы көремін. Мені бетпердесіз, осы қалпыммен қабылдаған адам, өмірде қандаймын, камера алдында қандай екенімді түсінді.

-Ал күйеуіңіздің әлеуметтік желідегі парақшаңызға деген көзқарасы қандай?

-Ол тіпті инстаграмымыды өшіріп тастағысы келген, бірақ мен айттым, қойыңдарш, неге бәрің менің инстагармымен өшсіңдер деп? Онсыз да шамалыдан кейін бала туып үйде отырып қаламын ғой, инстаграм болмаса қайтіп хабар біліп отырамын, ол болмаса ішім пысады, менің кәдімгідей кішкентай әлемім, жан дүнием, күнделігім. Көзқарасы қатты жақсы емес, бірақ кішкене-кішкене үйретіп жатырмын. Басында қатты ренжісетінбіз, менің қозғайтын  тақырыптарыма байланысты. Мен жалпы күйеуімнің көзінше мүлдем басқашамын да, теледидардан басқашамын. Сосын кейде үйге келіп қорқып отырамын, ұнады ма екен, теледидардан бірдеңе айтып қалмадым ба деп.

-Замира, сізге рахмет! Отбасыңызбен бақытты болыңыз!

Талқылау