Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Замира Сұлтан: “Қалаулымға” барғаным үшін кейде өкінемін

«Қалаулым» реалити-шоуының бірінші маусымының символы Замира Сұлтан Stan.kz тілшісімен кездесіп, үйлену тойына дайындығы, өзінің сүйіктісі және “Қалаулымнан” кейінгі қазіргі өмірі туралы бүкпесіз әңгіме айтып, қазақ әйелдеріне айтатын ақыл-кеңестерімен бөлісті.

-Замира, қайырлы күн! Жалпы сұхбатымызды “Қалаулымның” түп-төркінінен бастасақ. Бағдарламаға қатысуға не түрткі болды?

-Оған қатысуға себеп –  маған екі білімім бола тұра үйде отырып қалдым, үйдің ерке қызы болдым, жұмыс істемедім, Вк-да бағдарламаға адамдар жиналып жатқандығы туралы репост көріп қалдым. Мен ойладым біркүндік бағдарлама деп. Сөйтіп бір жыл бойы қалай қатысқанымды да байқамай қалдым. Кәдімгідей келісімшартқа отырдық. Үйдегі анам қартайып қалмай, әлі жассың, жұмыс істемейсің, ешқайда шықпайсың, осылай отыра берсең, сені кім көреді деп осыған түрткі болды, күейеу іздеуге. Өзім де жастық шағымды үйде өткізбейін деген оймен қатысуға бел будым.

-Осы бағдарламадан кейін өміріңіз қаншалықты өзгерді?

-Әрине қатты өзгерді. Танымал болдым. Басында қызық болды. Одан кейін танымалдылықтан да жалығады екен адам. Оның зақымы да тиді маған. Мен шыншыл, шындықты бетке айтатындықтан, адамдардың көзқарасы санқилы болды. Адамдар әсіресе жаман жақты тез қабылдайды, өсек-аяң тез тарайды. Сондықтан адамдар мені жақсы жағымнан емес, осы айғай-шумен байланысты образымды ғана таниды. “Ұрысқақ” образым үшін, өмірім мен бағдарламадағы бейнемді ажырата алмай жүрмін.

Осы образда мәңгілікке қалып қоямын деп те қорқамын. Қарапайым қыз едім, бағдарламадан кейін “скандалисткаға” айналдым. Екінші рет күйеуге тигенде де құдалық ештеңе болмады, осы себептерге байланысты. Әлі ата-енеммен таныса алмай жүрмін соның кесірінен.

Осындай шыншыл, Замира болып жүру қиын өмірде. Маска киіп жүрудің де пайдасы бар екен өмірде. Осындай образбен өмір сүруге мәжбүрмін, қарапайым Замира ретінде мені қабылдамайды. Басқа Замираны адамдар қабылдамайды. Өмірімде қиыншылықты көп тудырып жатыр бұл Замира, сол үшін “Қалаулымға” барғаным үшін де өкінемін.

-“Қалаулым” қатысушыларына ақша төлейді, актерлер екен деген әңгіме жиі шығып жатады. Осы қаншалықты шындыққа жанасады?

– Ақша төлегенде, біздің жолымызды, тамағымызды, киімімізді қамтамасыз етіп отырады. Киімді напрокат аламыз, эфирге шыққанға. Тамағымызды сол жерде ішеміз, жолға 80 теңге әрі, 80 теңге бері. Бес күнге 1000 теңгедей ақша шығады. Бізге былай ақша төленбейді. Ақша төлейді дегені ол залдағы көрермендерге берілетін ақша, күні бойғы отыратын уақыты үшін мың жарым теңге. Ақша төленеді екен деп қатысатын адамдар да бар. Бірақ тек ақша үшін қатысса, өздеріңіз ойлаңыздаршы, онда бәрі қатысып кетпей ма ақша табу үшін?!

-“Қалаулымдағы” басқа қатысушылармен қазіргі қарым-қатынасыңыз қандай?

-Бәрімен де қарым-қатынасымыз жақсы, араласамыз. Мейрамдар сайын кездесіп тұрамыз, Ватсап желісінде ортақ группамыз бар, сол жерде араласып тұрамыз, теледидардан алысып-жұлысып жүргеніммен, ешкіммен дұшпан болып қалған жоқпын. Бәрімен қарым-қатынасым жақсы.

-Замира шын мәнісінде қандай? 

-Замира өмірде адал, ерке, кішкене “пофигистка”, аспан айналып жерге түсіп кетсе де, сабырлық сақтап тұрады, өзің қарабет қылса да шындықты айтып өлетін адам, әрдайым тек шындықты айтатын бірінші адам шығармын. Мамам не болса да тек шындықты айтып жүр деп тәрбие берген. Шындықты айтамын деп осындай әйелге айналдым. Неге екенін білмеймін, алдап өмір сүре алмаймын, осы шыншылдығымнан өмірде көп таяқ жеймін.

-Қазір негізгі табыс көзіңіз қандай? Жұмыс істейсіз бе? 

-Жоқ, жұмыс істемеймін. Екінші күйеуіммен азаматты некеде тұрып жатырмын. Жуырда некемізді қиямыз. Той болатынын-болмайтынын айта алмаймын. Болмайтын шығар. Құдалық болса екен деп отырмыз. Күйеуім жұмыс істейді.

 

Жалғасы бар…

Талқылау