Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қақпанға түскен арыстанды туыстары 3 жыл бойы тамақтандырып, қамқор болған

Танзиялық арыстан мойнына байланып қалған сыммен үш жыл бойы өмір сүрген. Бұл уақыт аралағында оған өз бауыры қамқор болған. Жантүршігерлік оқиға Микуми ұлттық паркіндегі арыстандардың отбасында болған.

Фото: dailymail.co.uk

1. Арыстан Замбиядағы табиғи қорықта браконьерлер қойған тұзаққа түсіп қалды.

Жаралы арыстанды 2009 жылы туристер байқаған. Аңның бала кезінде мойнына темір сымдар оралып қалған.

«Аңшылар кішкентай жануарларға тұзақтар құрады. Соған қарағанда бала арыстан қызығып темір қақпанына басын кіргізіп, одан шыға алмай қалған сияқты», -дейді қорықтың аға қамқоршысы Уильям Мвакилема.

Уақыт өте келе, жас аң патшасы темір шынжырдың нағыз тұтқынына айналды. Жыл сайын сым арыстанның мойнына тереңірек еніп, оның қиыналып өлуіне әкеліп соқты.

«Бізге ол туралы хабар берілген бойда оны іздеп, тауып, босатқымыз келді. Бірақ, қорықтың аумағы өте үлкен және арыстандар оңай ұстатпайтын жануарлар. Тек зардап шеккен арыстан өзінің қамқор туыстарының арқасында аман қалды», – дейді  Мвакилема.

2. Қорық қызметкерлерінің айтуынша, барлығын жабайы жануарлардың бір-біріне деген осынша мейірімі таңғалдырды. Жараланған арыстанның аға-әпкелері оған тамақ әкеліп, қамқор болды.

«Адамдар оны құтқарғанша жаралы арыстанның туыстары оның өлуіне жол мермеген», – дейді қорық қызметкері.

2012 жылы тамызда бақылаушылар мен туристер аңдардың ізіне түсе алды. Сол сәтте олар мал дәрігерін шақырды.

«Бұл өте қорқынышты жағдай болды. Жаралы жануардың 5 туысының соңынан джиппен аңдуға тура келді. Нәтижесінде біз оның мойнындағы сымды шештік. Жарақаты тым терең еніп кеткен. Біз сол сәтте көмектеспегенде, тым кеш болатын еді», – дейді Уильям Мвакилема.

Жарақатын таңғаннан кейін, тез жазылу үшін өзінің туыстарының жанында қалдыруға тура келді. Құтқарғаннан кейін бірнеше ай өткен соң қорық қызметкерлері браконьерлердің басқа да қақпандарын байқап қалды.

Қызметкердің айтуынша, арыстан толық жазылып, мойнындағы түктері өсіп жарақатының тыртықтары ғана қалды.

3. Құтқарылған арыстан өзінің отбасымен қайта қауышты.

4. Осындай шынжыр болды.

Тағы оқыңыз:

Алматыда 3 жасар баланың анасына іздеу жарияланды

Оралда дүкеннен сатып алынған күріш суда өзімен-өзі еріген (видео)

СҚО-да бір отбасының 15 жылға несиеге алған үйі жанып кетті

2018 жылы қандай әуе рейстетерін мемлекет қаржыландырады

Талқылау