Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ninety one” тобы түсіп жатқан телехикая әйгілі “Мятежный дух” фильмін еске салды

«Найнти уандық» мемберлердің қатысумен таспаланып жатқан «Қағаз кеме» телехикасын асыға тосып жүрген боларсыз! Мектеп партасына қайта отырған кью – поперлермен біздің арна арқылы жаңа маусымда қауышасыз!

20393905_1744291595870995_6729864503271358464_n

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Ерболат Беделханның режиссерлігімен «Қағаз кеме» телехикаясының түсірілім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Продюсер шын пайдалы дүние ұсынуды көздеп отыр.

«Ол мектеп Қазақстанда жоқ мектеп. Мен кішкентай кезімде армандаған мектеп ол», – дейді «Ninety one» тобы.

Құпия мектептің ішінде өрбіген қым-қауырт оқиғалар жайлы сәл кейінірек білетін боласыздар. Әзірге, екі басты кейіпкермен танысыңыз! Зарина Заман! Мемберлер білім алып жатқан мектептің директоры! Бұл — рөл Әсел Сәдуақасоваға бұйырған.

Музыкамен жаны егіз – Асыл Айдар өзін сомдайды десек жаңылмаспыз! Себебі, ол вокал мұғалімі кейпінде көрінеді.

Түсірілім басталмас бұрын біз жігіттерді киім дүкенінде жолықтырған болатынбыз! Қайта оқушы атанғандықтан, сәнді әрі стильді мектеп формасын таңдауға келіпті.

«Angelcher» компаниясы «Найнти уан» тобы үшін ерекше мектеп формасын жасап шығарды. Негізі, жігіттердің талғамы жоғары. Сондықтан олардың әрқайсысының қалауын орындауға тырыстық. Мәселен, Эй– зи шалбарының кең балақты, өзгеше стильде болуын талап етті», – дейді «Angelcher» компаниясының менеджері Азиза Нұрхайдарова.

Ал жігіттердің мектеп формасы 2000 жылдары жастар сүйіп тамашалаған латын-америкалық «Мятежный дух» телехикаясын еске салады.

Жіберіп алмаңыз:

“Шмән апаны” сомдайтын танымал пародист әке атанды

Ағайынды бестік: Қарақат Әбілдина туған әпкелерін көрсетті

Мейрамбек Беспаев: Өзімді керемет әншімін деп санамаймын

Ерке Есмахан ата-анасының “алтын тойын” концерт сияқты өткізді (видео)

Талқылау