Қабдеш Жұмаділов: Өмірі кешпейтін нәрсе Нұрлан Оразалиннің бетінде қалады

Қазақстан жазушылар одағын үзіліссіз 22 жыл басқарған Нұрлан Оразалин өз еркімен қызметінен кететін болды. Ал, бүгінгі жазушылар пленумында көптен бас қоспаған қаламгерлер одаққа қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Нұрлан Оразалинді аямай сынағандар да аз болмады. Тіпті барша жұрт рухани жаңғырып жатқанда, жазушылар одағы неге жаңғырмай қалды деген де сұрақтар қойылды, деп хабарлайды 31 арна. 

Таңғы оннан бастап жазушылар одағына жиналған қаламгерлердің қарасы көп. Әдебиетшілер алдында бесінші құрылтайдың өтетін күнін белгілеп, одақ жұмысына баға беру мақсаты тұрды. Ал жиынды бастаған Нұрлан Оразалин бірден алдағы құрылтайда өзінің сайлауға түспейтінін мәлімдеді.

“Түспеймін деген сөзді мен тағы да қайталап айтқым келеді. Үйткені маған жетіп жатқан әңгімеде Нұрлан тағы да алдап-сұлдап, ертең уақытты созып, мына бәйгеге аяқ асты өзі түсіп кетіп осы бесінші рет мына билікті қолына алып алғысы келеді деген сөзді айтатын көрінеді. Ондай болуы мүмкін емес, Қабеке”, – дейді жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин.

Қабеке деп, одақ төрағасының Қабдеш Жұмаділовке қаратып айтуы да бекер емес. Осыған дейін Оразалинге орыныңда отырып алдың деп шүйліккен де дәл осы халық жазушысы еді. Десе де Жұмаділов бұл жолы да қарап қалмады.

“Өмірі кешпейтін нәрсе Нұрланның бетінде қалады ол. Алаш деген атты аяққа басып, 42 адамға бір күнде үлестіру деген не болды соншама? Не жетпеді? Алаш сыйлығын 2 адам 3 адам алатын бұрын ұзаса”, – дейді Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов.

Одақ төрағасының жұмысына оң баға бергендер де аз болған жоқ. Әдебиетшілер қаламақы мәселесінің бір жолға қойылуы мен одақ ғимараты тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетпеуін Оразалиннің еңбегі деп біледі. Сондай-ақ қаламгерлер одақтың ассамблея мен дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы секілді мемлекет тарапынан қаржыландырылып, идеологияны жүргізетін бірегей ұйымға айналатын уақыты жетті деген пікірлерін де ортаға салды.

“Баяғыда Колбинді осы жерге шақырып алып тұрып Жұбан Молдағалиев, Сафуан Шәймерденов сөйлеген кездегі айбар қандай еді, жазушылар одағының? Көкке жетер еді. Ал одан кейін Мұхтар Шаханов ержүректік жасап, аноу бүкілодақтық съезде сөйлегені ол да Қазақстан жазушылар одағының айбары”, – дейді ақын Темірхан Медетбек.

80 жылдан астам тахихы бар, 800 ден аса ақын-жазушысы бар одақтағылар 5 сағат бойы бес жылдағы қордаланған мәселелерді ортаға салды. Осылайша олар алдағы 12-і наурыз күні одақтың жаңа төрағасын сайлап, жаңаша бағдарлама құрмақ.

Тағы да оқыңыз:

Біз ғана ма хайуан болып кеткен: Заңгер Қазақстандағы кей заңдардың ақымақтықтан туғанын айтты

Елімізде тұрғындар несие рәсімдегені үшін комиссия алған банктермен соттасып жатыр

Алматы базарында манты сатқан азамат қала орталығынан үлкен мейрамхана ашты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар