Күніне жеті рет үй тазалау: Он ұлы бар ананың бір күндік өмірі

Бейсенбі, 4 Қаңтар , 2018 14:31

Алексис Бреттің күні таңғы сағат 5.30-да басталады. Көпбалалы ана таң сәріден үй тазалауға кіріседі. Ол кір жуғыш мәшінені күніне бес рет қосып, үйді жеті рет шаңсорғышпен тазалайды. Үй қораға айналып кетпес үшін әйел таң атқаннан күн батқанға дейін тазалау жұмыстарымен айналысуға мәжбүр. Себебі Алексистің 10 перзенті бар, олардың барлығы ер бала.

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Инвернессте тұратын 38 жастағы Алексис Бреттің күн тәртібінде бос орын жоқ. Әйел уақытының көп бөлігін үй шаруасына арнайтынын айтады. Алайда соған қарамастан, көпбалалы ана аптасына үш мәрте спортзалға барады. Жуырда ол фитнес-жаттықтырушы біліктілігін алды. Ол келер жылдан бастап жас спортшыларға сабақ бермек.

Таңғы 5.30-да ұйқысынан оянатын Алексис киімін киіп, боянады, шашын сәндейді. Әйел ұзақ уақыттан бері демалыс алмағанын жасырмайды.

«Төсекте жату дейсіз бе? Оның не екенін де ұмытып қалдым. Шамамен 2034 жылы немерелі болғанда ғана бос уақытым болатын шығар”, – дейді ол.

Алексис, тіпті, жуыну бөлмесінде емін-еркін жата алмайды. Себебі:

«Ваннада жатуға тырыспаймын да, себебі кіре салысымен-ақ ұлдарымның бірі есікті қағып, керегін сұрайды”, – дейді Алексис.

Алексистің үйіне кіре салысымен-ақ, бұл шаңырақта ылғи ер адамдардың тұратынын байқауға болады. Кіре берісте 60 түрлі кроссовки тұр, ал үйдің ішінде он түрлі ойын автоматтары шашылып жатыр. Бұл орайда Алексистің күні бойы үй шаруасымен айналысатыны айтпаса да түсінікті шығар. Ол күніне 7 мәрте үйді шаңсорғышпен тазалайды.

Түр-келбетін қалыпқа келтіріп болған соң, Алексис ұлдарын: 16 жастағы Кэмпбелл, 14 жастағы Харрисон, 12 жастағы Кори, 9 жасар Лаклан, 8 жасар Броуди, 7 жасар Брон, 5 жасар Хантер, 3 жасар Мак, 2 жасар Блейк пен жеті айлық Ротгайдты оятуға кіріседі. Ас әзірлеу мен бала күтіміне ара-тұра Алексистің күйеуі де көмектеседі. Көпбалалы әке ауысыммен жұмыс істейді. Ештеңеге қарамастан, Алексис күйеуімен бірге айына екі рет қыдыруға шығады екен.

Бұл отбасын көрген адамдар Алексис қызды болуды армандап, бала туа берген деп ойлайды. Алайда шын мәнінде олай емес.

«Адамдар қызды болғысы келген шығар деп жиі айтады. Шынымды айтсам жоқ. Ұлдарыма ризамын. Қыз тусам, қалай болатынын елестете де алмаймын”, – дейді Алексис.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар