Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іздеуде жүрген 17 жастағы қыз Алматыдағы жезөкшелер үйінен табылды

17 жастағы бойжеткен Алматыдағы притондардың бірінен табылды. Бойжеткенді притонда жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы қылмыстық оқиға бойынша 2 күдікті  ҚР ҚК 134-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жалпы Алматы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы былтыр ҚР ҚК 128-бабы бойынша 1 адам саудасы, ҚР ҚК 125-бабы бойынша 8 адам ұрлау оқиғасын анықтаған.

«Жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде 37 жеңгетайлықпен айналысу, 19 жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі анықталған. Олардың ішінде 2 қыз кәмелеттік жасқа толмаған. Жергілікті полиция қызметі ҚР ҚК 450-бабы бойынша 169 тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке, сондай-ақ 238 адамды қоғамдық орындарда теріс қылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты», – деді қалалық ІІД басқарма басшысы Берік Әбілбеков.

Тағы да оқыңыз:

Таразда жоғалған сарбаз: Біреулер хабарласып ұлымыздың қол-аяғын байлап ұстап отырғандарын айтты

Ақтөбелік ардагер: Әйел мұғалімдердің көптігінен қоғамда қыз мінезді жігіттер тәрбиеленіп жатыр

Өзге ұлт өкілдерімен кездесетін қыздарға ескерту жасап жүрген азамат өз әрекетін түсіндірді

Талқылау