Иттерді қолға үйрету 33 мың жыл бұрын Шығыс Азияның оңтүстігінде басталған

Сәрсенбі, 20 Қаңтар , 2016 11:28

Қытай Ғылым академиясының (ҚҒА) Куньминь зоологиялық институтының ғылыми қызметкері Ван Годунның айтуынша, адамның төрт аяқты досының пайда болу тарихын нақтылау үшін қытайлық ғалымдар тобы әлемнің түрлі аудандарында мекендейтін сұр түсті қасқырлар мен түрлі тұқымдағы иттердің генетикалық материалын жинауға екі жыл уақыт жұмсаған.

32153869

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Олардың арасында Шығыс Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа, Африка және Солтүстік Америка елдері бар.

ДНК нәтижелерін талдау негізінде ғалымдар иттерді қолға үйрету 33 мың жыл бұрын Шығыс Азияның оңтүстігінде басталғанын растап шықты. 15 мың жылға жуық уақыт бұрын иттер Орта Шығыста және Африкада және шамамен 10 мың жыл бұрын Еуропада пайда болған. Кейіннен бұл үй жануарлары иелерімен бірге Америкаға да қоныстанған.

Мамандар, қазіргі таңда біздің ғаламшарымызда иттердің 400-ден астам тұқымы бар дейді. Үлкен айырмашылықтарына қарамастан, олардың барлығы сұр қасқырдан тараған болуы әбден мүмкін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар