Итальяндықтар екі жасар бүлдіршінді ЭКСПО көрмесінде ұмытып кетті

Сейсенбі, 11 Шілде , 2017 8:00

Ерлі-зайыптылар ЭКСПО-ны аралап болып, көрме кешенінің балалар алаңында ұйықтап жатқан екі жасар ұлын ұмытып, қонақ үйге кетіп қалған.

2498174

Фото: Ксения Воронин

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Бұл оқиғаны ЭКСПО-2017 жұмысының бірінші ай қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында қауіпсіздік департаментінің директоры Рүстем Шәкенов.

Жалпы бір айда күрделі бұзушылықтар тіркелген жоқ. 10 маусымнан бастап 670-ке жуық оқиға тіркелді. Олардың 12-сі құқық бұзушылық. Бұл ретте оқиғаның 90%-ы жоғалып қалған балалармен байланысты.

“Бізде күлкілі оқиға болды, итальяндық жұп сәбиін ЭКСПО-да ұмытып кеткен. Ата-анасы қонақ үйге кетіп қалған. Біздің қызметкерлер балалар алаңында бірнеше сағат бойы қасына ешкім жақындамаған бала арбасын байқаған. Онда екі жасар шамасындағы бүлдіршін ұйықтап жатқан. Біз ата-анасын іздестіре бастадық, оқиға туралы жариялап, сәбиді өзімізге алып кеттік. ЭКСПО-дағы полиция бөлімшесінде сондай балаларға арналған арнайы бөлме бар. Ата-анасы нәтижесінде табылып, сәбиге оралды. Жағдайды пайдалана отырып, барлық ата-ана мен қамқоршылардан балаларына мұқият болуларын сұраймын. Көмек қажет болған жағдайда біздің қызметкерлерге бірден хабарласыңыздар”, — деп атап өтті Рүстем Шәкенов.

Сондай-ақ ол кезекшілікке күн сайын қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 2000 мыңнан астам адамның түсетінін айтты.

Оқи отырыңыз:

Түркістан тұрғыны: Емші бала Ербосынға қаралған соң ағамның жағдайы нашарлап көз жұмды

Ерке Есмаханның әнін саппен жүріп айтқан сарбаздар жұртты ду күлдірді (видео)

Оңтүстік жұрты Мұхтар Шахановтың 75 жасын дүркіретіп атап өтті

Таразда дәретханаға тасталған баланы асырап алмақшы болған жұп ұлды болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар