Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Итальяндық Сон-Паскаль қазақ атануды армандап жүр

«Мен сені сүйемін» деп әуелете ән салған Сон-Паскальдың Қазақстанға деген махаббаты ерекше. Бұл мекен мені мүлдем жатырқамай қабылдады дейді ол. Елімізде осылай тосыннан танымалдылыққа тап болған өнерпаз, бұл күндері қазақ атануға да қарсы емес.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Біріншіден, өзімді Паскаль деп есептемеймін. Пәсеке немесе Пәке, болмаса Сәке. Өйткені Сонмынғой.  Егер де нағыз қазақ болсам, қарным мынандай болар еді! Себебі, жейтінім күнде қуырдақ, бешбармақ. Сондықтан,  қазақ болғым келеді», – дейді Сон Паскаль.

Италиядан келген серінің, кезінде отандастарымызды қазақша сөйлеуге шақырып, көзге де түскені бар. Тіпті, Абайдың әнін  жаңа сарында орындап көпшілікті тамсандырған болатын.

Шетелден келіп, қазақ эстрадасында жұлдызы жанғандардың тағы бірі – Парвиз Назаров. «Азия дауысы» байқауы арқылы бағы  ашылған оның, кейбір әндері әлі де ел есінде.

Парвиз Қазақстанға қарындасы Ситораны да ертіп келіп, оның шығармашылық өсуіне жол ашты. Сондықтан да, қазақ жұртына алғыс айтуды ұмытқан емес.

«Ең алғашқы әнім Қазақстанда танымалдылықа ие болды. Мен ол кезде расымен бақытты едім. Таксиге отыра сала, жүргізуші мені бірден танығанын ешқашан ұмытпаспын. Қатты таңқалғам. Сол үшін, Қазақстанға алғысым мол», – дейді Назаров.

Жіберіп алмаңыз:

Тележүргізуші Айгүл Мүкей екінші сәбиін күтіп жүр

«Қалаулымның» атышулы жұбы айырылысып тынды (видео)

Әли Оқапов желіде шу болған видеоға қатысты жауап берді

Жанар Дұғалованың не себепті көрінбей кеткені белгілі болды

Талқылау