Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Итальяндық әйелін тамақ пісіре алмағаны үшін сотқа берді

Итальяның батысындағы Лацио провинциясының тұрғыны әйелі тамақты дәмді дайындай алмағаны, үйін таза ұстамағаны үшін оны сотқа берді. Әйел өз отбасындағыларға қаталдық, аяусыздық көрсетті деп айыпталуда.

zhen_na_kuhne_01

Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып  stan.kz  хабарлайды.

40 жастағы келіншектің қанша уақытқа бас бостандығынан айрылғаны қазірге айтылмай отыр. Ол алты жылға қамауға алынған болуы мүмкін.
Оның 47 жастағы күйеуі соңғы екі жылда әйелінің салақтығынан үйінің берекесі қашқанын айтқан.

Күйеуі сотта өзі бірнеше рет жатын жайынан қуылғанын, лас жерлерде түнеуге мәжбүр болғанын айтады. Сондай-ақ, өзі сатып әкелген азық-түлікті әйелі дұрыс пайдалана алмай, ақырында тастауға тура келген сәттері көп болғанын мысалға келтірген.

Отбасыларда әйелі мен күйеуі өз ара міндеттері үшін соттан әділдік сұраған сәттер жиі кездеседі. 2013жылы 27 желтоқсанда Үндістан тұрғыны сотта күйеуіне «дәретхана орнатып беремін» деген уәдесі үшін қайтадан бірге тұруға келіскен еді. Келіншек сотқа дейінгі ажырасуының себебін аулада орналасқан дәретханаға барғысы келмейтіндігімен байланыстырған еді.

Талқылау