Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италиялық ғалым Леонардо да Винчидің картинасынан оның махаббатын “тапты”

Сильвано Винчети есімді италиялық ғалым Леонардо да Винчидің “Джоконда” полотносында жартылай әйел, жартылай адам тұлғасы бейнеленген деген ой айтты. Ол портреттен Лиза Герардини мен көмекші шебері Салаиды тапқан.

pic_336c23d7c91be2d8952e2dcf20c52ae6

Сурет Chris Radburn-Pool / Getty Images

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Винчети полотнаға арнайы сараптама жүргізіп, “Мона Лиза” өзіне екі модельді Лиза Герардини мен Салаиды біріктіріп тұр деген байламға келген. Алайда басқа өнертанушылар Винчетидің бұл пікірімен келіспеген. Да Винчи шығармашылығы бойынша негізгі сарапшы Мартин Кемп оның зерттеуін “ойдан шығарылған” деп бағалады.

“Мона Лиза” немесе “Джоконда” портретінің толық атауы – Лиза Джоконда ханымның портреті”. Картинаны Леонардо да Винчи 1503-1505 жылдары салып шыққан.

Салаи есімді көмекші жігіт ғалымдардың пайымдауынша, Леонардомен 10 жасынан бастап бірге жұмыс істеген. Бірақ, олардың арасында жыныстық байланыс болды деген пікір еш расталмаған.

Талқылау