Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италиялық архиепископ: Біз бәріміз 10 жылдан соң мұсылман боламыз

Италия архиепископы Карло Либерати Еуропа елдеріне ауқымды көлемде босқындардың ағылуы ай санап мұсылмандардың көбейуіне алып келетінін мәлімдеді.

8589997
Италия архиепископы Еуропа елдеріне ауқымды көлемде босқындардың ағылуы ай санап мұсылмандардың көбейуіне алып келетінін мәлімдеді, деп жазады The Express.

“Он жылдан соң барлығымыз да мұсылманға айналамыз. Қазіргі кезде Италия мен Еуропа атеизмге қатты бет бұрып кетті. Ал ар-ұят, әдеп заңдарын ислам дінінен үйренуге тура келеді”, — дейді архиепископ Карло Либерати. Оның айтуынша, еуропалықтардың христиандық сенімі әлсіз күйде.

“Шіркеулер тиімді жұмыс жүргізбейді, семинарларға халық жиылмайды”, — деп санайды католик басшысы. “Оның үстіне олардың отбасында балалар саны көп. Бізде керісінше”, — деп ерхиепископ мұсылман және христиан отбасындағы туу көрсеткішіне де назар аударды. Католик басшысы Карло Либерати Еуропаға дәл қазіргі сәтте “шынайы христиандық өмір” қажеттігін, басқа жағдайда кәрі құрлықта ислам діні кең қанат жаятынын жеткізді.

E-islam.kz

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлар мұсылмандар үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жайнамаз шығарды (фото)

Жалаңаштар бассейні: Алматыдағы “Арасан” моншасы мұсылмандарға арналмаған ба?

Мұсылмандар актриса Линдси Лоханды Ислам дінін қабылдауымен құттықтады

Басқа сектаға кірген мұсылманның жаназасы оқыла ма

Талқылау