Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұсылмандар актриса Линдси Лоханды Ислам дінін қабылдауымен құттықтады

Желі қолданушылары америкалық атақты актриса Линдси Лоханның парақшасынан ескі суреттерін өшіріп тастағанын байқады. Актриса мұсылманша «Алейкум салам» деп жазған.

PAY-Lindsay-Lohan-Main

Ақырында желі қоланушылары оны ислам дінін қабылдады деп шешті. Әлем елдерінің мұсылмандары оның осылайша жаңа өмір бастауымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

«Бұл мұсылман үшін ең керемет жаңалық. Аллаға мадақ. Алла оның жолын жеңілдетсін», «Менің тілегімді қабыл ал. Сен енді жаңа өмір бастадың. Алла сенің түзу жолда жүруіңді нәсіп етсін» деген пікірлер жазылды.

Кей қолданушы актрисаның бұлай жасағанын қаламады.

«Бұл жағдай шынында да Линдси Лоханның басынан өтіп жатыр ма? Бұл қалжың емес пе? Мүмкін оның парақшасын әлдекім бұзған  шығар», – деп жазады желі

Былтырғы жылдың желтоқсан айында актриса Түркиядағы босқындар лагеріне барып қайтты.

«Жапа шеккендерге көмектесуім үшін мені ешқандай соғыс  тоқтата алмады және тоқтата алмайды да», – деді ол.

Лохан «Ловушка для родителей», «Чумовая пятница», «Дрянные девчонки», «Сумасшедшие гонки», «Поцелуй на удачу» , «Крутая Джорджия» фильмдері арқылы танымал. Оның 5 млн қолданушысы бар.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы: Мен тоқал емеспін

Баян Есентаеваның жанында отырған бейтаныс азамат көпшіліктің талқысына түсті (видео)

Төреғали Төреәлі әкесімен бірге қажылықта жүр (фото)

Талқылау