Италия сенаты бір жыныстылар одағын заңдастыруды қолдады

Жұма, 26 Ақпан , 2016 15:27

Италия сенаты бір жыныстылар одағын заңдастыру туралы заң жобасын мақұлдады. Жобаның қабылдануына 173 сенатор дауыс берсе, 71-і қарсы болған. Заң жобасын әлі парламенттің төменгі палатасы бекітуі керек.

Brides-kiss-near-the-Colosseum-during-the-Gay-Pride-Parade-800x430

Сурет rawstory.com

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Италияның премьер-министрі Маттео Ренци дауыс беру қорытындысын “тарихи сәт” деп бағалады. Егер, заң жобасы толықтай мақұлданса онда бір жыныстылар мүлік бөлу және мұрагерлік қалдыру құқықтары қорғалатын болады.

Құжатта бір жынысты жұптардың бала асырап алу мүмкіндіктері қарастырылмаған. Мұны италиялық ЛГБТ қауымдастығы “опасыздық” деп бағалаған. Қаңтар айының соңында Италияда осы заң жобасына қабылдануына қатысты ЛГБТ қауымдастығы және бір жынысты некені заңдастыруға қарсылар шеру өткізген еді.

Италия әзірге Европа елдерінің ішіндегі бір жынысты некелесуге де, көгілдірлердің де некелесуіне рұқсат бермеген жалғыз ел болып қалып отыр. Жергілікті заң негізінде гей-одақтарға мүмкіндік берілгенімен, ұлттық деңгейде тыйым салынған. Өткен жылы Европалық сот Италияда бір жынысты одақ пен некенің болмауы адам құқығын шектеу деп қаулы шығарған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар