Италия әншісімен дуэт орындаған Әдемі әділқазы алқаларын сүйсіндірді (фото, видео)

Сейсенбі, 13 Қыркүйек , 2016 13:14

Ақтаулық Әдемі (Динара Қайырова )“Жаңа толқын-2016” байқауында Италия әншісі Вальтер Риччимен бірігіп ән салды. Әнші әнді орындағаннан кейінгі әсерін бөлісті.

14052197_339350119740317_838582324_n

Фото: instagram.com/ademi_official/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Аталған байқаудың екінші күнінде қатысушылар өткен жылдың финалистерімен дуэт орындады. Италиялық әншіге қазақстандық Әдемімен ән салу мүмкіндігі бұйырды.

“Өткен жылы Ирина Дубцовамен дуэт орындаған болатынмын. Сол сәтте мен де дәл осылай байқауға қатысушымен бірігіп ән салсам ғой деп армандаған едім. Міне, сол арманым орындалды! Биыл Италия әншісімен бірігіп ән айтамын! Мені қобалжып тұр деп ойлайсыздар ма? Иә, дәл қазір Иринаның сол кезде не себепті қобалжығанын түсініп тұрмын. Бұл үлкен жауапкершілік екен!” – дейді Әдемі.

Дуэт Кристина Орбакайтенің  “Свет в твоем окне” әнінің ағылшынша нұсқасын орындады. Ән ағылшын тілінде “Messages of love” деп аталады. Дуэттің өнерін Леонид Агутин, Филипп Киркоров, Валерий және Константин Меладзе, Валерия сынды жұлдыздар ерекше бағалады. Ішінде Филип Киркоров ең жоғарғы ұпайды берді.

“Мінеки, барлығы да өз мәресіне жетті! Мен аз да болсын италиялық әншінің жеңісіне өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Ол 1-ші орынды иеленді. Италия, сенім артқаның үшін көп рахмет!” – дейді Әдемі.

Желі қолданушылары әншінің қуаншына ортақтасып, оның италиялық әріптесінің бойтұмарына айналғанын айтты. “Дина, мен концертті толықтай көрдім. Сен бәрінен де жақсы орындадың. Өзгелері дұрыс айта алмады”, “Жарайсың, Дина! Шын жүректен құттықтаймын. Сен құдды қатысушылардың бойтұмары секілдісің”, “Аз да болсын деп айтпа. Себебі, сен оның жұлдызын жақтың. Жүз рет қарап шықтым. Ал Киркоров ашуыма тиді, оны әлі күнге дейін кешіре алмай жүрмін”, “Екеуіңіз бір-бірлеріңізге ұқсайсыздар”, “Сіз Вальтер мен Жанелдің бойтұмарына айналдыңыз” дейді желі қолданушылары.

“Жаңа толқын-2016” байқауы 3-8 қыркүйек күндері Сочиде өтеді. 2015 жылы аталған байқауда Қазақстанды Ademi мен The Voice тобы таныстырған болатын. Әнші екінші орынды иеленсе, биыл Сарын тобы алтыншы орынға жайғасқан-ды.


Жіберіп алмаңыз:

Әнші Әдемі адал махаббатты аңсап жүр (видео)

Мақпал Исабекова әріптесі Әдеміні ұятқа қалдырды (фото)

“Жас толқын-2016” байқауында Қазақстанның намысын “Сарын” дуэті қорғайды

Қазақстандық әнші Ademi мен Сосо Павлиашвили әнін барлық ғашықтарға арнады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар