Әнші Әдемі адал махаббатты аңсап жүр (видео)

Жұма, 2 Қыркүйек , 2016 13:33

Әнші өзіне ерекше әсер еткен “Махаббат үшін өмір сүру” фильмінің үзіндісін бөлісті. Аталған видеода қос ғашықтың басынан өткерген түрлі қиындықтары көрініс тапқан. Видеоны көрген желі қолданушылары Әдемі сүйіктісін сағынып жүр деп болжады. Десе де, әншінің өзі мұны жоққа шығарып отыр.

image

Фото: instagram.com/ademi_official/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әдемі өзіне ерекше әсер қалдырған видеоны бөлісті. Бұл видео – әйгілі үндістандық “Махаббат үшін өмір сүру” атты фильмінің екінші бөлімі. Ол қос ғашықтың басынан өткен түрлі қиындықты баяндайды. Неге екені белгісіз видео әншіні махаббат туралы ойымен бөлісуге мәжбүрледі.

“Мына бір видеоны көріп қалдым. Біртүрлі көңіл-күйімді түсіріп жіберді. Өмірде неге фильмдегідей болмайды екен? Неге? Жүрегіңнің қалауына еріп, өміріңді махаббатыңа арнау оңай емес пе? Алайда біз өзгелер сынайды деп қорқып қиын жолды таңдаймыз. Бірақ бәрінен де сүйе білу, өзге бір адамның сүйіктісі болу маңызды емес пе?

Өмір ата-анаға, балаларға, достарға, сүйіктімізге, жұмысымызға, өзімізге, әр күнімізге деген махаббаттан құралған. Бұл видеоны “Әлемдегі барша тіршілік бізді күтіп тоқтап тұрсын” деп атар едім. Сүйіңіздер, сүйе біліңіздер!” – дейді Әдемі.

Наткнулась на видео….. И как – то грустно стало….! Почему в жизни не так как в фильмах ….? Почему? Ведь это так легко …, когда ты следуешь своей любви и идёшь по зову сердца ……! Но мы выбираем сложные пути…., из- за страха, что осудят…, перечислять можно бесконечно….! А ведь испытать чувство любви нужно стремиться каждому….., это очень важно! Вся жизнь построена на любви…. Любовь к родителям, нашим детям.., любовь к друзьям( у кого они есть ), любовь к работе( ☝🏼️), любовь к человеку, с которым делишь своё нутро…., любовь к самой себе…, любовь к каждому дню, каждой минуте, каждому мгновению! P.s: это видео я назвала так ” и пусть весь мир подождёт “…….. Любите и будьте любимы! 🙏🏻🙏🏻🙏🏻

Видео опубликовано Dina (@ademi_official)

Бұл жазбадан кейін желі қолданушылары әнші өзінің сүйіктісін сағынып жүр деп болжады. Десе де, Әдемі мұны жоққа шығарып, өзі қалаған адамдардың әрдайым қасында жүретіндігін айтып өтті. Мұнымен қатар, аталған фильм туралы деректерді бөлісті.

Әдемі “Жас толқын – 2015” байқауында “көрермендер көзайымы” марапатын жеңіп алған болатын. Дәл қазір ол Ресей мен Қазақстанда қатар жұмыс істеп жүр.  Жуырда ол Алматы қаласында жаңа альбомының тұсауын кесті. Аталған тұсаукесердің арнайы қонағы Сосо Павлиашвили болды. Мұнымен қатар, аталған кеште Ринат Гайсин мен Popcorn Band өнер көрсетті.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекова әріптесі Әдеміні ұятқа қалдырды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар