Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испанияда Фрэнсис Бэконның 30 млн евро тұратын қолөнер туындысы ұрланды

Мадридте атақты британиялық суретші Фрэнсис Бэконның бес суреті қолды болды. Олар суретшінің Испания астанасындағы үйінен жоғалған.

97f26c9bdde9885ff6a58f9dfea697a4_L

Сурет 24.kz

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Қолөнер туындыларының жалпы құны 30 миллион еуроға бағаланып отыр. Аталған қылмыс түрі Испанияда соңғы 10 жыл ішінде жасалған үлкен ұрлық ретінде тіркелді.

Тергеу барысында қылмыстың осыдан тоғыз ай бұрын жасалғаны белгілі болды. Алайда суретші мұны байқамаған. Тергеушілердің айтуынша, қылмыскерлер қолөнер туындыларын үйде ешкім жоқ уақытта қолды қылған. Бүгінде құнды картиналар Испания және одан тыс елдерде де іздестіріліп жатыр.

Талқылау