Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ислам мемлекеті" Филипп Киркоровтың концертінде жарылыс ұйымдастырмақ болды

“Ислам мемлекетінің” содырлары белгілі әнші Филипп Киркоровтың концертінде теракт ұйымдастырмақ болды.

Бұл туралы РБК хабарлайды.

14 қазан күні Махачкалада ұсталған террористер Киркоровтың 6 шілде күні өткен концертінде үш жарылғыш затты іске қоспақ болған. Экстремистердің жоспарының неліктен іске аспай қалғаны белгісіз.

Сол күні 30 жастағы Ғабибулла Халдузов өзге қылмыскерлер – Самир Ибрагимов пен Хидирнеби Казуевке патрулдік полицияға шабуыл жасауды жоспарлаған.

Содырлар өздерімен бірге құны 2 мың рубль тұратын үш пышақ пен балта алып жүрген. Парк ішінде олар екі полицейдің ізіне түсіп, шабуылға дайындалады. Бірақ, адамның тым көптігіне байланысты жоспарлары жүзеге аспаған.

Ұлттық террорға қарсы комитет мәліметінше ұсталғандардың бәрі Дағыстан азаматтары екен. Олар Дағыстан астанасында құрылыста жұмыс істеп жүріп, кейін интернет арқылы ИМ қатарына қосылған.

Оқи отырыңыз:

Көп балалы ана балаларын пешке жағып жіберіп видеочат арқылы әкесіне көрсеткен

Америкалық азамат ресейлік қызға үйлену үшін өз әйелін өлтіріп тастады

Pussycat Dolls тобының әншісі топтағы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтты

Трамп 600 млн долларға кедейленіп қалды

Талқылау